Құрметті ақмолалықтар!

«Халық үнiне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын iлгерiлету шеңберiнде Мемлекет басшысы қойған мiндеттердi және Азаматтарды қабылдаудың бiрыңғай күнiн жүзеге асыру аясында, Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев, облыс әкiмiнiң орынбасарлары, сондай-ақ басқармалар мен департаменттердiң, құқық қорғау органдарының басшылары азаматтарды жеке мәселелерi бойынша қабылдауын 2020 жылғы 11 ақпан күнгi сағат 10.00-ден сағат 13.00-ге дейiн өткiзедi.

Ақмола облысы әкiмiнiң, облыстық және қалалық қызметтердiң азаматтарды жеке мәселелерi бойынша қабылдауы Көкшетау қаласы, Ақан серi көшесi, 90 мекенжайы бойынша «Көкшетау» мәдениет сарыйында өтедi.

Қабылдауға алдын ала жазылу 87162297243 телефоны арқылы жүзеге асырылады.

Құрылған күні: 08.02.2020
Қаралым саны: 3794
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус