Құрметті ақмолалықтар!

Сiздердi мемлекеттiк мереке — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi күнiмен құттықтаймын!

Бiздiң елiмiз Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың басшылығымен кең ауқымды мемлекеттiк өзгерiстерге қол жеткiздi. Бүгiнгi таңда Тұңғыш Президенттiң саяси бағытын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев нәтижелi жалғастыруда.

Бiздiң алдымызда нақтылы стратегиялық бағдар тұр, ол бiздiң бiрлiгiмiздiң, тұрақтылығымыздың, Қазақстанның одан әрi гүлденуi мен дамуы жолындағы жаңа жетiстiктерiмiздiң негiзi болып табылады.

Осы бiр атаулы күнi, сiздерге және отбасыларыңызға болаттай берiк денсаулық, ұзақ ғұмыр, баянды бақыт тiлеймiн. Отанымыздың жарқын болашағы мақсатында жаңа жеңiстерге жете берiңiздер!

Iзгi ниетпен,
Ақмола облысының әкiмi                                                                                  Ермек Маржықпаев

Құрылған күні: 29.11.2019
Қаралым саны: 133
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус