Құрметті ақмолалықтар!

Сiздердiң баршаңызды мемлекеттiк мереке — Қазақстан Республикасының Конституциясы күнiмен шын жүректен құттықтаймын!

Осыдан 24 жыл бұрын бүкiлхалықтық референдумда қабылданған Ата Заңымыз мықты тәуелсiз мемлекет құрудың берiк iргетасына айналды. Осы жылдар iшiнде Тұңғыш Президент — Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың терең ойластырылған бағытының, Қазақстан халқының тығыз топтасуы мен жанқиярлық еңбегiнiң арқасында бiздiң елiмiзде ұлан-ғайыр әлеуметтiк-экономикалық және саяси қайта құрулар табысты жүргiзiлдi.

Бүгiнгi таңда бiздiң алдымызға азаматтардың әл-ауқаты мен тұрмысын одан әрi арттыруға бағытталған кең көлемдi мемлекеттiк бағдарламаларды iске асыру жөнiнде маңызды мiндеттер қойылып отыр. Осы бiр тамаша мереке Сiздердiң Отан игiлiгiн арттыру жолындағы игi қадамдарыңызға жаңа серпiн берсiн. Баршаңызға зор денсаулық, бақыт, еңбекте табыс, бейбiтшiлiк және бар жақсылықты тiлеймiн.

Ізгі ниетпен,

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев

Құрылған күні: 29.08.2019
Қаралым саны: 346
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус