Ақмола облыстық мәслихатының кезекті 41 сессиясы өтті

А.ж. 19 наурызында Ақмола облысының әкiмi Е Маржықпаевтың қатысуымен Ақмола облыстық мәслихатының кезектi сессиясы өттi. Келесi мәселелер қаралды: туризмдi дамытудың жай-күйi және перспективалары туралы; Ақмола облыстық мәслихаттың қызметi туралы 2019 жылғы есебi; облыс бойынша қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн бекiту туралы; жасыл желектердi күтiп ұстау және қорғау қағидасын бекiту туралы.

«Ақмола облысы бойынша әлеуметтiк маңызы бар қатынастардың тiзбесiн айқындау туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 10 сәуiрдегi шешiмiне өзгерiс енгiзу туралы» талқыланды және «Ақмола облысында сыртқы (көрнекi) жарнаманы елдi мекендердегi үй-жайлардың шегiнен тыс ашық кеңiстiкте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде, елдi мекендерден тыс жердегi үй-жайлардың шегiнен тыс ашық кеңiстiкте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнен тыс жерде орналастыру тәртiбi мен шарттары туралы ереженi бекiту туралы қағидалары бекiтiлдi.

Iшкi саясат басқармасы облыстық дарынды балаларға арналған № 3 мамандандырылған мектеп-интернатына Абай есiмiн және IТ мектеп-лицейiне Әл-Фараби есiмiн беру туралы ұсыныс енгiздi.

Бұдан басқа, мәслихат сессиясында облыс әкiмдiгi жанында жұмыс iстейтiн консультативтiк-кеңесшi органдарға өзгерiстер енгiзу бойынша 7 шешiм қабылданды.

Бұрын күн тәртiбiнде мәлiмделген 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерiстер енгiзу туралы мәселе Республикада төтенше жағдай енгiзiлуiне байланысты алдағы уақытта мемлекеттiк бюджеттi оңтайландыруға орай республикалық бюджет нақтыланғанға дейiнгi мерзiмге ауыстырылды.

Құрылған күні: 19.03.2020
Қаралым саны: 724
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус