Облыс әкімдігінде сыбайлас жемқорлықтың деңгейін зерттеу нәтижелері және «AQMOLA – Adaldyq Alańy» жобалық офисінің жұмысы қарастырылды

Ағымдағы жылы 9 мың респондентке сауал жүргiзген «Transparency International Kаzаkhstan» сыбайлас жемқорлық деңгейiн зерттеу жөнiндегi халықаралық үкiметтiк емес ұйым мониторингiнiң нәтижелерi бойынша Ақмола облысы сыбайлас жемқорлық ең тараған өңiрлерi қатарына кiрген жоқ. Ол туралы Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткiзiлген өңiрде «AQMOLA — Adaldyq Alańy» жобасын жүзеге асыру мәселесi жөнiндегi кеңесте айтылды.

Соған қарамастан, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Ақмола облысы бойынша департаментiнiң басшысы Мурат Төлеубаевтың айтуынша жұмыс iстеудi қажет ететiн мәселелер бар. Өңiрде халықтың сыбайлас жемқорлыққа көзқарас индексi кейбiр көрсеткiштер бойынша келеңсiз жағынан көрсетiлген. Олар — кедендiк органдар, мектепке дейiнгi бiлiм беру, денсаулық сақтау, аудандық полиция бөлiмдерi, жер қатынастары, өртке қарсы қызмет, салық органдары салалары. «Азаматтар мен кәсiпкерлер пара беруге мәжбүрлейтiн 70-тен астам себептердi атады. Ең кең тарағандары — жақсы маманда емделу, жұмысқа орналастыру, жер учаскесiн рәсiмдеу, баланы балабақшаға орналастыру, рұхсат құжаттарын рәсiмдеу, өрт қауiпсiздiгiн тексеру, кедендiк тексерiс және басқалар», — дедi М.Төлеубаев.

Сонымен қатар жобалық офистiң жұмысы туралы есеппен оның басшысы Самира Тайтенова және облыс әкiмiнiң қадағалаушы орынбасары Қанат Ыдырысов сөйледi.

Ағымдағы жылдың басынан берi «AQMOLA — Adaldyq Alańy» жобалық офисi қоғаммен және мемлекеттiк органдармен бiрлесiп сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiнiң алдын алу, анықтау және жоюға бағытталған жұмыстар жүргiздi. Желiлiк кесте шеңберiнде келесi iс-шаралар жүргiзiлдi: «Саналы ұрпақ» студенттер клубының бiрiншi слетi, «Час добропорядочности» бiрыңғай жалпы республикалық сағаты, «Ашық қызмет» акциясы, адалдық дүкендерi ашылды, мемлекеттiк органдардың жұмысы оpen space форматында жұмыс iстеуге кезең-кезеңдеп көшiрiлуде.

Өңiр басшысы Ермек Маржықпаев, мықты және белсендi азаматтық институттарға иек арту қажеттiгiн айта келе, аудандар мен қалалардың әкiмдерiне, басқармалардың басшыларына қоғам қайраткерлерiн тарта отырып қоғамда шыншылдық пен адалдық қағидаттарын қалыптастыруға, халықтың құқықтық мәдениетiн арттыруға және қоғамдық бақылау ұйымдастыруға қолдау көрсетудi тапсырды.

Құрылған күні: 07.10.2019
Қаралым саны: 264
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус