Көкшетау қаласына жұмыс сапары

Облысы әкiмi Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласына жұмыс сапары барысында бiрқатар құрылыс нысандарын аралап, қоғамдық көлiктiң жұмысы бойынша жолаушы тасымалдаушылармен кездестi.

Жолаушы тасымалдаушылармен кездесуде Ермек Маржықпаев жолаушыларға арналған «Infobus» онлайн-сервисiнiң жұмысымен танысты. Бiрақ Көкшетау автобус паркiне келгендегi басты мақсаты — тасымалдаушы-кәсiпорынның дамуымен, соның iшiнде өткен жылдың қараша айынан бастап енгiзiлген электрондық билеттендiрумен байланысты перспективасын талқылау.

«Қаланың жолаушылар тасымалдаушыларымен кездесуге қалалық және облыстық депутаттарға, ардагерлер кеңесiне азаматтардың 1 ақпаннан бастап жол жүру билеттерiн алып тастау туралы ақпаратқа байланысты көптеген арыздары себеп болды. Өткен жылы бiз бiрлесiп жолаушыларды электрондық билеттендiру бойынша көп жұмыс жүргiздiк. Онымен не ұттық? Ашықтық пайда болды, жолаушы тасымалына қатысушылар көлеңкеден шықты, бiз нақты жолаушылар ағынын көрдiк. Ол салық түсiмдерiне бiрден әсер еттi және цифрландыруға қарай аяқ бастық — бұл береке ғой»,- дедi облыс әкiмi.

Ермек Маржықпаев жол жүру билеттерiнiң мәселесi қаланың үш мыңға жуық тұрғындары, соның iшiнде халықтың әлеуметтiк осал топтары үшiн маңызды екенiн айтты. Тасымалдаушылардың да, жолаушылардың да құқықтарын бұзбай ортақ шешiм табу үшiн облыс әкiмi электрондық билеттендiру жүйесiнiң авторларын осы мәселенi шешуге қатысуға тартты. Төлем алудың жалпы жүйесiне байланыстырылған жаңа жол жүру билетiн әзiрлеу мәселесi сөз болды. Ол үшiн екi айдан аса уақыт қажет. Ал оған дейiн ақпан-наурызда Ермек Боранбайұлы көкшетаулықтарға үйреншiктi күнiне төрт рет жүру құқығын беретiн жол жүру билеттерiн қоғамдық көлiкте шектеусiз пайдалану құқығын қалдыра тұруды сұрады.

Сонымен қатар, өңiр басшысы қаланы қардан тазартатын коммуналдық қызметтердiң жұмысымен танысты. Соңында №1 ОМ-ге жапсаржай құрылысының алаңында болды. Бiр қарағанда жұмыс қызу жүрiп жатқан сияқты, бiрақ мердiгер жұмыс кестесiнен көп қалып келедi. Ермек Маржықпаев «ОМИС-СТРОЙ» ЖШС басшылығынан себептерiн түсiндiрудi талап еттi. Жер асты сулары жақын болуына байланысты бастапқы жобаны қайта қарауға бөгелу себебi облыс әкiмiн сендiре алмады.

«№1 ОМ-ге жапсаржай — маңызды әлеуметтiк объектi. Қосымша сыныптар үш ауысымда оқытуды жоюға мүмкiндiк бередi. Жұмыс кестесi бойынша қуып жетiп жапсаржайды 1 қыркүйекке дейiн тапсыру сiздердiң мүдделерiңiз үшiн қажет», — дедi облыс әкiмi құрылысшыларға.

Құрылған күні: 29.01.2020
Қаралым саны: 5449
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус