Облыс әкімінің Көкшетау қаласы бойынша жұмыс сапары

Облыс орталығы бойынша жұмыс сапары барысында облыс әкiмi Ермек Маржықпаев бiрқатар әлеуметтiк және құрылысы салынып жатқан объектiлердi аралап, Көкшетау қаласының әкiмiне тапсырмалар бердi.

Бiрiншi объектi сыйымдылығы 500 орындық Воскресения Христова православиелiк храмы болды. Өңiр басшысы мердiгерлермен құрылыс-монтаж жұмыстарының мәселелерiн, атап айтқанда, куполының iшкi әрлеу жұмыстарын талқылады.

«Бiз 2 ай бұрын мұнда болдық. Барлық жылы едендер мен терезе жақтауларын құрастыру, қабырғаларын, куполдарын және т.б. таза әрлендiру бойынша жұмыстар алға басқаны көрiнiп тұр. Осы жұмыстардың бәрi бiз қабырғаларға сурет салу үшiн шақыратын суретшiлердiң жұмыстарымен қатар жүрмеуi керек. Жұмыстар бiр-бiрiне қабаттаспасын», — дедi өңiр басшысы.

Жаңа храмның маңында жаңа жол мен Қопа көлiнiң жағалауында көпiр құрылысының барысымен танысты.

Одан әрi Ермек Маржықпаев «Болашақ сарайы» және «Хан Сарай» гранд-холл сарайларының құрылыс алаңдарында болды.

Ауданы 14,7 мың кв.м «Болашақ сарайы» балалар мен жасөспiрiмдер сарайында монолит каркас, жалпы бiлiм беру және спорт блоктарын салу бойынша жұмыстар қарқынды жүргiзiлуде. Бiрiншiсiнде мектеп оқушылары заманауи жабдықтармен жарақтандырылған кабинеттерде зияткерлiк сабақтарға қатыса алады. Қазiргi уақытта 3-қабаты салынып жатыр.

Мұнда Ресей мен Қазақстанның ХVII өңiраралық ынтымақтастық форумын өткiзу алдында «Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар халықаралық орталығы» КеАҚ мен Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлiгi Балалар мен жасөспiрiмдер сарайының аумағына жеке алаңда жасыл технологиялар мен шағын сәулет формаларын орналастыру мүмкiндiгiн қарастыруда.

Өңiр басшысы орталық ұсынған жаңалықтарды енгiзу мүмкiндiктерiн қарастыруды тапсырды.

«Форумның тақырыбы экология және «жасыл» өсiмдiк саласындағы ынтымақтастық болады. Бәрiмiз бiрлесiп қарастырып ең озық технологияларды енгiзуге тырысайық», — дедi облыс әкiмi.

Ауданы 4 мың кв метрден асатын «Хан Сарай» рестораны қонақтарды қабылдауға арналған. Қазақстан-Ресей форумына қатысушылар осында кедесетiн болады деп белгiледi өңiр басшысы.

Келесi объектi облыстық жедел жәрдем станциясы болды. Облыс әкiмiне мекеменiң проблемалы туралы баяндалды. Жедел жәрдем дәрiгерлерiнiң шұғыл жұмысы үшiн шақыруларды электрондық бақылау жүйесi енгiзiлген. Бiрақ бұрынғы проблемалар — орынжайдың қолайсыздығы және тарлығы әлi де қалып отыр.

«Бүгiнгi таңда ғимарат жүз пайыз ескiрген, қазiр қалаға 12 бригада қызмет көрсетедi, шақыруларға уақытында жету үшiн 4 брргада қан орталығында және бiр бригада — Красном яр ауылында орналасқан, сондай-ақ бiзде штат кеңейдi, ендi орынжай жеткiзiлiксiз» — дедi жедел медициналық жәрдем станциясының бас дәрiгерi Александр Высоцкий.

Өңiр басшысы қаланың Сарыарқа шағын ауданына қарай өсуiне байланысты, Көкшетау қаласының әкiмдiгiне жаңа жедел жәрдем станциясының ғимаратын салуды тапсырды.

Облыс әкiмi Ақмола облысының спортшылары тексерiстен өтетiн дәрiгерлiк-дене шынықтыру диспансерiнде болды. Мұнда да бас дәрiгер кабинеттер жетiспейтiндiгiне шағымданды.

Облыс әкiмi осы әлеуметтiк объектiге жақын орналасқан психодиспансердiң бұрынғы ғимаратын берудi, спортшыларды диагностикалау мен емдеу үшiн қолайлы жағдайлар жасауды және ғимаратқа жөндеу жасауды тапсырды.

Бүгiнгi таңда Көкшетауда жаңа мешiттiң құрылысы қарқынды жүргiзiлуде. Қасындағы ескi мешiт Жақия қажының музейi болады, өйткенi қорғалатын объектiлер тiзбесiне енгiзiлген.

Құрылыс компаниясы өкiлiнiң айтуынша жаңа мешiтте намаз оқуға арналған залдар бөлек орналасады, жоғарғы қабаттарда дәрiс залдары және астында асхана болады. Намаз оқитын негiзгi орынжай 450 орынға шақталған. Құрылысты Құрбай айтқа қарай аяқтау жоспарланып отыр.

Құрылған күні: 04.03.2020
Қаралым саны: 1636
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус