Ақмола облысы әкімінің Целиноград ауданына жұмыс сапары

Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев Целиноград ауданына жұмыс сапарының аясында Қосшы ауылында iрi өндiрiстiк объектiлер — «Sky Express Elevator KZ» лифт-құрылыс зауытында және «Сапа су» темiр-бетон өнiмдерi өндiрiсiнiң зауытында болды.

«Sky Express Elevator KZ» ЖШС кәсiпорнының басшысы Нариман Хабиб хабарлағандай, зауыт жоғары жылдамдықтағы жайлы лифт шығаратын Қазақстандағы жалғыз кәсiпорын. Жылдық қуаттылығы — 1000 лифт. Тұрғын үйлер мен кеңсе ғимараттары үшiн стандарттықтан басқа, жүктi және автомобиль лифтiлерiн, ауруханалық және панорамды лифтiлердi, эскалаторлар мен басқа да өнiмдердi шығарады. Негiзгi тапсырыс берушiлерi — Нұр-Сұлтан қаласының iрi құрылыс компаниялары.

Лифтiнiң басым көпшiлiгi отандық құрамдас бөлшектерден тұрады. Барша қуатты құрылымы, ауыр металл, лифтiнiң еденi мен төбесi, шахтадағы басқа да жабдықтары қазақстандық шикiзаттан жасалады. Алайда, технологиялығына және сапалы өнiмiне қарамастан, зауыт қуаттылығы толығымен жүктелмеген. Осы мәселеде облыс әкiмi салалық басқармаларға және ауданның бөлiмдерiне кәсiпорынға көмек көрсетудi тапсырды.

«Сапа су» ЖШС-да облыс әкiмi Ермек Маржықпаевқа жұмыстың маңызды көрсеткiштерi, технологиялық процесi мен шығарылатын өнiм желiсi таныстырылды. Бұл жерде жоғары технологиялық немiс жабдығында азаматтық құрылысқа, жол салуға, кәрiзге, су бұру торабына, электрмен жабдықтауға, телекоммуникацияларға, ағын суларын тазалауға және жауын суын кәдеге жаратуға арналған темiр-бетон өнiмiнiң барлық түрлерi шығарылады.

Құрылған күні: 27.11.2019
Қаралым саны: 206
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус