Ақмола облысының кәсіподақтары кәсіби мерекелерін атап өтті

10 қазанда Қазақстанда тұңғыш рет жаңа мереке — Кәсiподақтар күнi атап өтiлдi. Бүгiн Көкшетауда Кәсiподақ активiнiң мереке күнiне арналған салтанатты жиналысы өткiзiлдi. Iс-шараға Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев қатысты.

– Кәсiподақтар мемлекеттiк саяси жүйенiң бiр саласы, сонымен қатар азаматтық қоғамның негiзгi институттарының бiрi болып табылады. Кәсiподақтарды қоғам мен мемлекеттiң қолдауы ұжымдардағы қатынастарды үйлестiруге ықпал етедi, — дедi өзiнiң құттықтау сөзiнде облысы әкiмi.

Сонымен қатар өңiрдiң кәсiподақ ұйымдарын Республикалық мемлекеттiк, банктiк және қоғамдық қызмет көрсету мекемелерi қызметкерлерi кәсiподағының төрағасы Мирболат Жақыпов және кәсiподақ қозғалысының ардагерi Кеңес Бекiшев құттықтады.

Өңiрдiң әртүрлi деңгейлердегi кәсiподақ ұйымдарының жұмыстары туралы Ақмола облысы кәсiподақтары орталығының төрағасы Қали Рахметов және бiрқатар әлеуметтiк бағдарланған кәсiпорындардың басшылары баяндады.

Кәсiподақ қозғалысын дамытуға қосқан елеулi үлестерi үшiн кәсiподақ ұйымдарының белсендi мүшелерi салтанатты жағдайда облыс әкiмiнiң Алғыс хатымен және кәсiподақтық наградалармен марапатталды.

«Сенiм» денсаулық сақтау қызметкерлерi кәсiподағы Ақмола филиалының төрағасы Серiк Кәкенов облыстық көпбейiндi аурухананың бөлiмше меңгерушiсi Алмас Қажытаевқа 1 млн 940 мың теңгенiң тұрғын үй сертификатын, сондай-ақ облыстың кiшi медициналық персоналына 250 мың теңгеден 10 қайрымдылық сертификаттарын тапсырды.

Құрылған күні: 09.10.2019
Қаралым саны: 169
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус