Ақмола облысының әкімі мектеп жер төлесінің проблемасын жеке бақылауына алды

Жұмыс сапары барысында Аршалы ауданының Жiбек жолы ауылында Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев Иманжүсiп Құтпанұлы атындағы орта мектептiң ағымдағы жөндеуiн барып қарады. Шiлде айының басында аралап көрген кезiнде өңiр басшысы жер төленi су басуы мен дымқылдығы проблемасын шешу бойынша тапсырмалар берген болатын. Бүгiнгi таңда жер асты суларының көтерiлу деңгейi жазда 50 сантиметрге жеткенi iргесiнiң жағдайынан көрiнiп тұр. Аудан әкiмдiгi жертөле орынжайын жөндеу бойынша сметалық есептер дайындаған. Облыс әкiмi сметалық құжаттаманы жедел түрде келiсудi және бекiтудi тапсырды. Жер төлеге қажеттi қаржы облыстық бюджеттен бөлiнетiн болады.

Жiбек жолы ауылының №4 мөлтек ауданында облыс әкiмi инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысының барысымен танысты. Осында Нұр-Сұлтан қаласының маңын дамыту бағдарламасы шеңберiнде ұзындығы 35 километр көше-жолы желiсiнiң құрылысын салу бойынша екi жылдық жоба жүзеге асырылуда. Жөндеу жұмыстары маусымда басталды, 21 килолметр жолдың негiзi асфальт жабуға дайын. Жұмыстарды 20 қазанға қарай аяқтау жоспарланып отыр. Ағымдағы жылы 38 километр кварталiшiлiк жолдардың құрылысы аяқталады.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласының дамыту бағдарламасы бойынша 54 километр су құбырлары желiсiнiң құрылысы жүргiзiлуде.

Құрылған күні: 27.09.2019
Қаралым саны: 343
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус