Ақмола облысында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізілді

Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев есеп беру кездесуiнiң алдында азаматтарды жеке мәселелерiмен кезектi кеңейтiлген қабылдауын өткiздi. Сонымен қатар, халықпен диалогты оның орынбасарлары, басқармалардың басшылары, Көкшетау қаласы әкiмдiгiнiң, құқық қорғау органдарының, коммуналдық қызметтердiң, Нұр-Отан партиясының және екiншi деңгей банктерiнiң өкiлдерi жүргiздi.

Өз сұрақтарын қою үшiн 300-ге жуық ақмолалықтар келдi, соның iшiнде 91-i өңiр басшысының жеке қабылдауына: 52 азамат жеке өтiнiштерiмен және 8 ұжымдық өтiнiшпен 39 адам.

Негiзiнен, билiк өкiлдерiне сұрақтар тұрғын үймен, құрылыс салу үшiн үшiн жер учаскелерiмен қамтамасыз етуге, кәсiпкерлiктi және агроөнеркәсiп кешенiн қолдау бойынша мемлекеттiк бағдарламаларға қатысуға, автожолдарды, апаттық жағдайдағы тұрғын үйлердi жөндеуге, Көкшетау қаласын абаттандыруға, спортты дамытуға, ауылдардағы абаттандыру және су тасқыны жағдайына қатысты болды. Сұрақтардың бiр шамасы сол орнында шешiлдi, қалғандары бақылауға алынды.

«Мемлекет басшысы алға қойған мiндеттерге сәйкес бiз «Халық үнiне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы жүзеге асыру үшiн осы iс-шараны үшiншi рет өткiзiп отырмыз. 4 сағатта 300-ге жуық адамды қабылдадық, оның үштен бiрi осы жерде шешiлдi. Мұндай қабылдауды айына 1 рет өткiзiп тұруымыз керек. Қатысқандардыңыз үшiн баршаңызға алғысымды бiлдiремiн», — деп iс-шараны қорытындылады Ермек Маржықпаев.

Ақмола облысы әкiмiнiң баспасөз қызметi

Құрылған күні: 11.02.2020
Қаралым саны: 4049
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус