Ақмола облысының әкімі азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдауын өткізді

Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев Макинск қаласы тұрғындарының өтiнiшiн қараудан бастады. Алтын Нұрқанова мен Күләш Рахымова онлайн режимде өңiр басшысына өз үйлерiн орталықтандырылған жылу беру жүйесiне қосу мәселесiн көтердi.

Ермек Маржықпаев қаланың оңтүстiк-шығыс бөлiгiнде модульдiк қазандық пен жылу желiлерiнiң құрылысы салынып жатқанын жеткiздi. Қаланың орталық бөлiгiн жылумен жабдықтау мақсатында жылу желiлерiнiң құрылысын салу үшiн ЖСҚ әзiрлеуге бюджеттiк қаржы бөлiнген. Облыс әкiмi жақын арада жұмыс сапарымен Макинск қаласына баратынын сонда бұл мәселенi жергiлiктi орнында талқылайтынын айтты.

«Ерекше Өмiр» қоғамдық қорының басшысы Әлия Рахымбекова көкшетаулық аутизмi бар балаларды әлеуметтiк бейiмдеу мен педагогикалық түзеу орталығының материалдық жарақтандырылуын жақсартуды өтiндi. Бүгiнгi таңда орталықта екi түзеу сыныбы бар, оларда балалармен логопедтер, дефектологтар, психологлар, ЕДШК инструкторлары және басқалар жұмыс iстейдi. Бiреуiнде 2-6 жастағы, екiншiсiнде 7-13 жастағы балалар оқиды. Облыс әкiмi Ермек Маржықпаев, ерекше мұқтажы бар балаларды қолдаудың маңыздылығын ескере отырып қала әкiмдiгiне осы орталыққа жеке орынжай бөлу мүмкiндiгiн қарастыруды, бiлiм басқармасына — Сарыарқа м-к ауд. салынып жатқан балабақшада арнайы топ ашуды тапсырды.

Сонымен қатар, қабылдауға келгендер сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, фермерлiк қызметпен айналысуға жер учаскесiн бөлу және еске алу iс-шарасын ұйымдастыруға қатысты мәселелер бойынша өтiнiштер бiлдiрдi. Барлығына түсiнiктемелер берiлдi, тиiстi мемлекеттiк органдарға қолданыстағы заңнама шеңберiнде мәселелердi шешуге қолдау көрсету тапсырылды.

  

Құрылған күні: 04.09.2019
Қаралым саны: 354
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус