Ақмола облысында «Nur Otan» партиясы филиалының партиялық активі өткізілді

Көкшетауда Ақмола облысының әкiмi, "Nur Otan" партиясы облыстық филиалының төрағасы Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен партиялық активтiң жиналысы өттi. Күн тәртiбiнде –Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.А.Назарбаевтың 2019 жылғы 25 қарашада «Nur Otan» партиясы өңiрлiк филиалдары өкiлдерiнiң қатысуымен өткiзiлген жұмыс кеңесiнде берген тапсырмаларын түсiндiру.

Облыс әкiмi Ермек Маржықпаев Партияның төрағасымен кездесу барысында, Елбасы партия мүшелерiнiң алдына бiр қатар мiндеттер қойды. Ең бастыларының бiрi ретiнде ол әрбiр әкiм мен мәслихаттардағы депутаттар фракциясының партиялық жауапкершiлiгiн түбегейлi күшейтудi, бөлiнiп жатқан қаржылардың жұмсалуына мұқият партиялық бақылауды қамтамасыз етудi, жергiлiктi орындарда партиялық органдардың жұмысын күшейтудi және елiмiздiң өңiрлерiнде партияның үйлестiрушiлiк ролiн арттыруды, сонымен қатар электоралдық кезеңнiң қарсаңында партиялық жұмысты күшейтудi тапсырды.

«Nur Otan» партиясы АОФ төрағасының бiрiншi орынбасары Ғалым Бекмағамбетов, облыстық мәслихаттың хатшысы Әлiбек Баймағамбетов, Есiл және Қорғалжын аумақтық филиалдарының төрағалары Серiк Балжанов пен Берiк Жанбаев, «Камаз-Инжиниринг» АҚ бастапқы партия ұйымының төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты, «Камаз-Инжиниринг» АҚ бас директоры Сергей Кистин, партияның облыстық филиалы Саяси кеңесi бюросының мүшесi, Астрахан аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының басшысы, «Тасумар +» ЖШС директоры Анатолий Мальков және «Шұғыла» БПҰ төрағасы Мәди Елубаев партияластары алдында сөйлеген сөздерiнде жергiлiк орындарда жүргiзiлiп жатқан жұмыстар туралы айтып, өздерi үшiн жұмыстың негiзгi бағыттарын белгiледi.

Сонымен қатар, партияның облыстық филиалының төрағасы жергiлiктi орындарда партиялық органдардың жұмысын күшейту және партияның өңiрдегi үйлестiрушiлiк рөлiн арттыру қажеттiгiне назар аудартты.

Қорыта келе, өңiр басшысы, партияның облыстық филиалының төрағасы Ермек Маржықпаев электоралдық кезеңнiң қарсаңында партиялық жұмысты күшейтудiң маңыздылығын тағы да еске салды.

Жиналыс барысында облыс әкiмi партия қатарына жаңа мүшелер қабылдап, оларға партиялық билеттерiн табыс еттi және «Ең үздiк бастапқы ұйым» республикалық конкурсының облыстық кезеңiнде жеңiмпаз атанғандарды марапаттады.

Құрылған күні: 27.11.2019
Қаралым саны: 240
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус