«Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалында партиялық жаңғыру талқыланды

Ермек Маржықпаев «Nur Otan» партияның өңiрлiк филиалының саяси кеңестiң отырысында Елбасы партияны жаңғырту бойынша алға қойған мiндеттер қалай орындалатыны туралы баяндады.

Негiзгi тапсырмалар қатарында партияның белсендi мүшелерiн шоғырландыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ақпараттық стратегияны түбегейлi қайта қарау, әкiмдiктермен бiрге депутаттық фракциялардың отырысында Жастар жылына арналған жол картасының орындалу барысын қарау жөнiндегi бiрлескен отырыс өткiзу жөнiнде тапсырмалар берiлдi.

Саяси кеңестiң отырысында партияның облыстық филиалының төрағасы облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуы, тұрғындардың өмiр сүру сапасын жақсарту жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламалар мен жобалардың iске асырылуы туралы толық ақпарат бердi.

Аз қамтылған отбасыларды әлеуметтiк қолдау мәселелерiне ерекше назар аударылды, атаулы әлеуметтiк көмек тағайындаудың жаңа форматы бойынша облыста аз қамтылған отбасылардың саны 2,7-ден 8,4 мыңға дейiн, яғни үш есеге артқан. Бұл бағытта, облыс әкiмi атап өткендей, кейбiр азаматтардың тәуелдiлiгiн көрсететiн проблемалық мәселелер бар. Қазiргi уақытта құрамында әлеуметтiк қорғау органдарының қызметкерлерi, мемлекеттiк кiрiс басқармасының өкiлдерi, учаскелiк инспекторлар кiрген жұмыс комиссиялары 1331 отбасына тексеру жүргiздi. Оның iшiнде 751 төлемдер уақытша тоқтатылды, 194 отбасына тоқтатылған, ал 386-сына қайта есептеу жүргiзiлуде. Қазiргi уақытта 25 өтiнiш иесi бойынша 3,3 млн. теңге бюджетке қайтарылған. Қалған отбасыларға сот органдарымен талап арыздар дайындалуда. Сондай-ақ, осы жылдың соңына дейiн бюджет қаражатын ерiктi түрде қайтару туралы өтiнiштер де келiп түскен.

Сонымен қатар, облыс әкiмi аймақта жұмыспен қамту мүмкiндiктерi жеткiлiктi екенiн, сұранысқа ие мамандықтарды игерiп бизнестi бастау үшiн несиелiк желiлер бар екенiн атап өттi. Жұмыс тапқысы келетiндер оны әрдайым таба алады. Ең бастысы — мемлекетке деген тұтынушылық көзқарасты жою қажетiгiн атап өттi.

 

Құрылған күні: 26.08.2019
Қаралым саны: 1873
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус