Ақмола облысында «Ашық әкімдік» өтті

Аймақ басшысы Ермек Маржықпаевтың бастамасымен Ақмола облыстық әкiмдiгiнiң «Ашық есiктер күнi» өткiзiлдi

«Көкшетау» мәдениет сарайында ұйымдастырылған ашық әкiмдiкте қабылдауға келген азаматтар облыстық департаменттер мен басқармалардың, Көкшетау қаласының әкiмдiгi, құқық қорғау органдары, коммуналдық қызметтер, азаматтарға арналған үкiмет корпорациясы мен екiншi деңгейлi банктердiң басшыларына ғана емес, аймақ басшысына толғандырған сұрақтарын қойып, жауап алды.

Шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуiнiң негiзi» атты Жолдауындағы билiк пен халықтың арасында байланысты нығайтудағы мiндеттердi жүзеге асыру шеңберiнде қолға алынып отыр.

«Мемлекеттiк органдардың алдында халықпен конструктивтi байланыс орнатып, толғандырған сұрақтары мен мәселелерiн жылдам шешу мақсатында «Еститiн мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру мiндетi тұр. Бүгiн қабылдауға келген адамның әрбiреуi өз сауалын тиiстi ведомство басшыларына қойып, жауабын алды», дедi аймақ басшысы Ермек Маржықпаев.

Мәселен, Зерендi ауданы Игiлiк ауылының тұрғыны Нұрахмет Уәлиев Кенесары мен Игiлiк ауылы арасындағы жол мәселесiне қатысты сауалын қойды. Оның айтуынша, ауыл тұрғындары ауыл шаруашылығы өнiмдерiн облыс орталығына әкелу кезiнде жол азабын тартады екен. Облыс әкiмi жол мәселесiн шешуге атсалысатынын айтты. Осы ауданының тағы бiр тұрғыны Шағалалы өзенiнiң үстiнен өтетiн көпiр құрылысы жөнiнде сауал қойды. Бұл мәселенi аймақ басшысы өз бақылауына алынатын айтып, түсiндiрдi.

Жалпы, «Ашық әкiмдiк» қабылдауына 300-де астам ақмолалық келiп қатысты. Тұрғындардың көбi аймақ басшысына баспанамен қамту, жер телiмiн алу, кәсiпкерлiктi дамыту, жол және абаттандыру мәселелерiне қатысты сауалдарын жолдады.

Құрылған күні: 18.10.2019
Қаралым саны: 435
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус