Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Бүгiн ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнiң баспасөз конференциясында Ермек Маржықпаев ҚР Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясындағы Ақмола облысының басты жетiстiктерi, сондай-ақ 2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуы туралы мәлiмдедi.

"Өңiрдiң басты көрсеткiшi — қысқа мерзiмдi экономикалық индикатор есептi кезеңде 106% құрады (ҚР-да 4-орын). Өсiм ең алдымен, нақты сектор салалары есебiнен қамтамасыз етiлген: өнеркәсiпте — 102,4%, ауыл шаруашылығында — 106,5%, құрылыста — 118,1%. Ақмола облысының негiзгi капиталына түскен инвестиция көлемi өткен жылмен салыстырғанда 9,5% — ға өстi. Сонымен қатар, жеке инвестициялардың үлесi 82% — ға дейiн өстi", — деп атап өттi Ермек Маржықпаев.

Бүгiнде өңiрде 60 индустриялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл облыс экономикасына шамамен 400 млрд. теңге тартуға және 3,5 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкiндiк бередi. Оның iшiнде 19 жоба Индустрияландыру картасына енгiзiлген. Iрi жобалар қатарында — жылына 6 тонна алтынға дейiнгi қуаты бар тау-кен металлургия кешенiнiң құрылысы («RG Processing» ЖШС). Жобаны iске қосу облысқа түстi металлургияда жетекшi позицияны нығайтуға мүмкiндiк бередi. Бүгiнде облыс республикалық көлемнiң үштен бiр бөлiгiн өндiруде.

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, Ақмола облысында жалпы астық жинау 5,0 млн. тоннаны құрады,орташа өнiмдiлiк гектарынан 11,5 центнер. Ауыл шаруашылығы секторына инвестициялар өткен жылғы деңгейден 1,5 есеге артқан.

Ермек Маржықпаев облыс орталығы — Көкшетау қаласын дамыту мәселелерiне жеке тоқталды. Өсiп келе жатқан халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету үшiн қала шекарасында жаңа аумақтарды игеру басталды.

"2013 жылдан бастап мұнда 35 көп қабатты үй (1370 пәтер) салынды. Басты жоспарға сәйкес «Сарыарқа» ауданында келешекте 200-ден астам үй (16380 пәтер), 2400 орындық 3 мектеп және 440 орындық 9 балабақша салу көзделген. Қазiргi заманғы көп қабатты үйлер қаланың орталық бөлiгiн кешендi түрде тұрғызып жатыр, Қопа көлiнiң жағалауындағы айналма жолдың құрылысы басталды, Қылшақты өзенi арқылы өтетiн автомобиль көпiрi салынуда",- дедi облыс әкiмi.

Аймақ басшысы туризм саласындағы басым бағыттардың бiрi туралы да айтып бердi.

Қазақстанның басым 10 туристiк аймағына қосылған Щучье-Бурабай курорттық аймағына ерекше назар аударылады. Осы контексте жұмыс үш жоба бойынша жүргiзiледi — Бiрiккен Араб Әмiрлiктерiнен шетелдiк инвесторлардың қатысуымен iске асырылатын Щучье көлiндегi коттедж қалашығының, «AQBURA Resort» отбасылық үлгiдегi заманауи курортының құрылысы және Бурабай кентiнде "Promenade" жобасын iске асыру демалыс және табиғи-мәдени мұра орталығы ретiнде салыну жоспарда бар.

https://ortcom.kz/kk/novosti/mola-oblysyny-leumettik-ekonomikaly-damu-orytyndylary

Құрылған күні: 28.10.2019
Қаралым саны: 400
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус