Ақмола облысының Зеренді ауданында жаңа көпір салынады

Бұл туралы бүгiн Ақмола облысының әкiмi Ермека Маржықпаевтың Зерендi ауданына жұмыс сапары барысында белгiлi болды. Өңiр басшысы жуыр арада Шағалалы өзенi арқылы өтетiн көпiр құрылысы салынатын Заречное ауылында болды. Өзен арқыы өтетiн қолданыстағы көпiр құрылысының ұзындығы 54 метр, енi 1,8 метр, 80-iншi жылдары Садовое ауылдық округiнiң әкiмшiлiк шекарасында Заречное ауылының маңында салынған.

Қазiргi уақытта көпiр апатты жағдайда және тұрғындардың әлеуметтiк және экономикалық мұқтаждарына сай келмейдi. Қысқы маусымда, қатты жел кезiнде, жаяу жүргiншiлердiң бұл көпiр арқылы өтуi мүмкiн емес.

Заречное және Березняковка ауылдары тұрғындарының жалпы саны 939 адам құрайды. Тұрғындардың басты проблемасы аспалы көпiр құрылысы арқылы автомобиль қозғалысының жоқтығымен және ауылдардың айналып өтетiн автомобиль жолдары арқылы Көкшетау қаласы мен аудан орталығына алыстығы болып отыр.

Мал жайылатын және шабындық жерлердiң негiзгi бөлiгi Шағалалы өзенiнiң арғы бетiнде, сондықтан көпiр құрылысы мал шаруашылығын дамытуды жақсартады.

2018 жылы 368,3 млн. теңгеге жобалау-сметалық құжаттама әзiрленген. Қазiргi уақытта жобаны толық жүзеге асыру үшiн қаржы қарастырылған. Әлеуеттi жеткiзушiнi анықтау үшiн 2020 жылғы ақпан-наурызда конкурс жарияланады.

Облыс әкiмi жобаны жүзеге асыру үшiн жосықты мердiгер компанияны анықтаудың және ағымдағы жылы құрылысты аяқтаудың маңыздылығына назар аудартты.

Еленовка ауылының орта мектебiнде өңiр басшысы күрделi жөндеудiң сапасын тексердi. 2019 жылы 153,9 млн. теңгеге жұмыстар жүргiзiлдi: ғимараттың төбесiн ауыстыру, қасбетiн жөндеу, кiреберiсi мен жылу жүйесiн, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, кәрiз жүйесiн жөндеу бойынша; орынжайларының iшiн әрлеу, iшiнде дәретхана мен себезгi орнату, аумағын абаттандыру, кеспетас төсеу, қоршауларын iшiнара ауыстыру жұмыстары жүргiзiлдi. Сонымен қатар терезе, есiк жақтаулары мен аспалы төбелерi ауыстырылды.

Мектепте жаңа модификациялы кабинеттер, 4 интерактивтi тақта бар, каратэ үйiрмесi ұйымдастырылған және шахмат клубы жұмыс iстейдi.

Ермек Маржықпаев педагогикалық ұжыммен және оқушылармен кездестi, ал жергiлiктi атқарушы органдардың алдына мектептiң аз жүктелуi жағдайынан шығу жолын табу мiндетiн қойды.

Одан әрi өңiр басшысы «Elikti Park» тау-шаңғысы базасына барды. Мұнда шаңғы жолының ұзындығы 4 км құрайды. Барлық трассалар қармен жақсы жабылған, таудан шанамен және сноу-тюбпен сырғанау үшiн бөлiнген учаскеде бэби-лифт-көтергiш жұмыс iстейдi. Кешен ғимаратында 40 қонақ үй нөмiрлерi, тойхана мен тәрбиешiсi бар балалар бөлмесi жұмыс iстейдi. Тау шаңғысы кешенiн кеңейту перспективасында балалар мен ересектерге арналған бассейндер, 4 монша, дәмхана, екiншi арқанды жол құрылысы бар.

Облыс әкiмi кешен иелерiнiң жоспарына оң баға бердi және алға қойған мақсаттарын жүзеге асыру жолында сәттiлiк тiледi.

Ақмола облысы әкiмiнiң баспасөз қызметi

Құрылған күні: 11.01.2020
Қаралым саны: 259
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус