Ақмола облысы Шортанды ауданының әкімі тағайындалды

Бүгiн, Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев Шортанды ауданында аудан активiне жаңа әкiмдi таныстырды. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiмен және аудандық мәслихаттың келiсiмi бойынша Ғайдар Қабдоллаұлы Қасенов аудан әкiмi болып тағайындалды.

Ғайдар Қасенов, 1976 жылы туған, Ақмола облысы Атбасар ауданының тумасы. С.Сейфуллин атындағы аграрлы университеттi, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетiн, Халықаралық Бизнес Академиясын бiтiрген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1998 жылы Астана қаласы Алматы ауданы әкiмiнiң аппаратында бас маман болып бастады. 2001-2006 жылдары коммерциялық құрылымдарда басшылық лауазымдарды атқарды.

2006-2008 жылдары Астана қаласы, Алматы ауданы әкiмi орынбасарының, одан кейiн әкiмнiң лауазымдарында қызмет атқарды.

2008-2015 жылдары — «Қазтемiртранс» АҚ корпоративтiк даму жөнiндегi вице-президентi.

Осы тағайындалуына дейiн Нұр-Сұлтан қ. «Nur Otan» партиясы Алматы аудандық филиалы төрағасының орынбасары болды.

Құрылған күні: 22.10.2019
Қаралым саны: 516
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус