Целиноград ауданының әкімі болып тағайындалды

Бүгiн облыс әкiмi Ермек Маржықпаевтың өкiмiмен және ҚР Президентi әкiмшiлiгi мен аудандық мәслихат депутаттары келiсiмiнiң негiзiнде Бақытбек Амантайұлы Оспанбеков Целиноград ауданының әкiмi болып тағайындалды.

Бақытбек Амантайұлы 1968 жылы Ақмола облысының Макинск қаласында туған.

1992 жылы Целиноград инженерлiк — құрылыс институты бiтiрген.

1992 жылдан бастап жеке компанияларда басшылық қызметiн атқарған.

2007-2010 жылдары Бұланды ауданының сәулет және қала құрылысы бөлiмi, Бұланды ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi, Бұланды ауданының құрылыс бөлiмiнде басшылық қызметтерде болды.

2010-2015 жылдары Петропавл, Көкшетау және Нұр-Сұлтан қалалары әкiмдiктерiнде бөлiм басшысы лауазымын атқарды.

2015-2018 жылдары Целиноград ауданы әкiмiнiң орынбасары қызметiнде болды.

2018 жылдың 19-шi сәуiрiнен бастап бүгiнгi күнге дейiн Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысы қызметiн атқарды.

Құрылған күні: 17.03.2020
Қаралым саны: 932
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус