Әкімдіктің отырысында қыста автомобиль жолдарын күтіп ұстау, сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру мәселелері талқыланды

Бүгiн Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткiзiлген әкiмдiктiң отырысында қыста автомобиль жолдарын күтiп ұстау, сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру мәселелерi талқыланды.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Иван Юрченко өңiрде елдi мекендердi сумен жабдықтау және су бұру жағдайы туралы баяндады. Сумен жабдықтау саласында облыс бойынша ұзындығы 5 727,5 км, қуаты тәулiгiне 360 мың текше метр 357 су құбыры жұмыс iстейдi. Сондай-ақ су тазарту құрылыстары бар, негiзгiлерi — (7 объект) Көкшетау, Степногорск, Щучинск, Есiл қалаларында, Бестөбе, Шаңтөбе, Қосшы, Ақмол кенттерiнде орналасқан. 40 елдi мекенде блоктық-модульдiк қондырғылар (БМҚ) орнатылған.

Орталықтандырылған су бұру жүйелерiмен 30 елдi мекен қамтамасыз етiлдi. Сондай-ақ қуаттылығы тәулiгiне 500 мың текше метрден асатын 101 сорғы станциясы, 8 тазарту ғимараты бар. Негiзгi iрi тазарту құрылыстары Көкшетау, Степногорск, Щучинск, Державинск қалаларында, Шаңтөбе, Қосшы, Ақмол, Аршалы кенттерiнде орналасқан.

Бүгiнгi таңда Қазақстан Республикасы Индустрия және ақпараттық даму министрлiгi 53 қалада кәрiздiк тазарту құрылыстарын салу мен қайта жаңартуды iске асыру жөнiндегi Жол картасын (бұдан әрi — жоба) бекiттi, оның шеңберiнде "ТҮКШ Казцентр" АҚ ағымдағы жылдың соңына дейiнгi мерзiмге бiрыңғай техникалық-экономикалық негiздеменi (бұдан әрi — ТЭН) әзiрлеудi бастады. Қазiргi уақытта Ақмола облысы бойынша ТЭН әзiрлеу үшiн 6 қала (Көкшетау, Ақкөл, Макинск, Есiл, Атбасар, Степногорск) қосылды. Иван Юрченко осы саладағы проблемалық мәселелерi туралы да баяндады.

«Ақмола облысының тауарлар мен қызметтердiң сапасы мен қауiпсiздiгiн бақылау департаментi» мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы А. Мусина сумен жабдықтау және су таратудың проблемалы мәселелерiн қатысты тақырыпты жалғастырды.

«Ақбұлақ», «Өңiрлердi дамыту 2020» мемлекеттiк бағдарламаларын iске асыру кезеңiнде сумен жабдықтау және су бұру объектiлерiн қайта жаңарту және салу бойынша белгiлi бiр жұмыс көлемi жүргiзiлдi, бүгiнгi таңда 48 жоба iске асырылуда, оның iшiнде 32 жоба қайта жаңарту бойынша және 7 сумен жабдықтау жөнiндегi құрылыс бойынша, 4 жоба қайта жаңарту және 5 су бұру құрылысы. Ағымдағы жылы 13 жоба қайта жаңарту және 5 су құбыры желiлерi құру, 1 қайта жаңарту және 3 су бұру құрылысын салу жобасын тапсыру жоспарлануда.

Соңғы 10 жылда облыста су тазартатын, жойқын тазарту станциялары бойынша 50 блок-модуль орнатылды, олар негiзiнен — «Мембранные технологии С.А.» (42) блок-модульдерi.

Облыс әкiмi Ермек Маржықпаев ведомство басшысына және аудандар мен қалалардың әкiмдерiне су құбырлары желiлерiн iске қосуды ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Облыс әкiмдiгiнiң күн тәртiбiндегi екiншi мәселе қыс уақытында автомобиль жолдарын күтiп ұстау бойынша қолданылып жатқан шаралар болды.

Облыстық маңызы бар автожолдарды қыста күтiп ұстау үшiн Басқарма 12 мердiер жол ұйымдарымен келiсiмдер жасаған. 106 бiрлiк қар тазалау техникалары бар. Қажеттi ЖЖМ қоры мен көктайғаққа қарсы материалдар әзiрленген (217,5 т ГСМ, ПГМ 7526 м3).

Қысқы кезеңге дайындық және қауiпсiз қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында қиыршықтасты жамылғысы бар жолдарды (8500 км өтпе) кескiндеу, жол жиегiндегi шөптi шабу (16700 км өтпе), үйiндiнiң құламасы бойынша шынжыр табанды тарту (3660 км), жол белгiлерiн (480 дана) және т.б. орнату бойынша жұмыстар жүргiзiлдi.

Бұдан басқа, қысқы кезеңдегi жол-климаттық жағдайлар қаупi немесе қолайсыз жағдайда жедел әрекет ету мақсатында барлық мүдделi қызметтердiң өзара iс-қимыл алгоритмi әзiрлендi және бекiтiлдi. Алгоритмде көлiк құралдарының қозғалысын шектеу тәртiбi, автомобиль жолдарын жабу және ашу, халықты хабарландыру және басқа да маңызды аспектiлер қарастырылған.

Аудандық маңызы бар автожолдарды және Көкшетау, Степногорск қалаларының көше-жол желiлерiн қысқы күтiп-ұстауға әкiмдiктер 300,8 млн. теңге мөлшерiнде қаржы қаражатын қарастырды, 530 бiрлiк арнайы техника бар.

Аудан әкiмдiктерi мен жергiлiктi шаруашылық субъектiлерi арасында 250 меморандум жасалды, онда аудандық маңызы бар жолдарды және елдi мекендердiң көше-жол желiлерiн тазарту шаралары қарастырылған.

Өңiр басшысы тасымалдауды жүзеге асырылатын жолдарда қауiпсiз жүрудi қамтамасыз ету, «Нұр-Сұлтан — Щучинск» және «Нұр-Сұлтан — Қарағанды» учаскелерiн, күтiп ұстау жұмыстарын күшейтудi; тазалау жұмыстарын атқарған кезде жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету. тасымалдауға жарамсыз көлiк құралдарын жүрiс бөлiгi мен жолдың шеттерiнен жол ұйымдарының күштерiмен жою мүмкiндiгi болмаған жағдайда, туындаған мәселенi шешу үшiн қалалық және аудандық әкiмдiктердiң азаматтық қорғау құрылымындарын шұғыл тарту бойынша барлық қажеттi шаралар қолдануды тапсырды.

Құрылған күні: 26.12.2019
Қаралым саны: 369
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус