Алматы қ. аумағында а.ж. 28 ақпан мен 3 наурыз аралығында «Central Asia Hometextile» ХVII халықаралық үй тоқымасы, перделер мен кiлемдер көрмесi өткiзiледi

Алматы қ. аумағында а.ж. 28 ақпан мен 3 наурыз аралығында «Central Asia Hometextile» ХVII халықаралық үй тоқымасы, перделер мен кiлемдер көрмесi өткiзiледi.

Бұл көрме кәсiпқойларға бизнестi дамыту үшiн қажеттi iскери байланыстарды орнатуға мүмкiндiк бередi. Central Asia Hometextile 2020 тоқыма саласында өндiрiлетiн өнiмiн және технологиялық инновацияларды таныстыру үшiн Ресей, Белоруссия, Түркия, Түрiкменстан, Пәкiстан, Қытай, Украина, Өзбекстан сияқты әлемнiң түпкiр-түпкiрiнен тоқыма өндiрушiлердi жаинайды.

Central Asia Hometextile — iскери қарым-қатынастың мүмкiндiгi, b2b бiрыңғай платформасында маркетингтiк ақпараттың молдығы және Орталық Азия нарығына шығудың тиiмдi мүмкiндiгi.

Кәсiби келушiлер үшiн келiссөздер үшiн аймақ ұсынылатын болады.

Көрме туралы барынша нақтылы ақпаратпен www.hometextilexpo.kz ресми сайтында танысуға болады.

Құрылған күні: 14.02.2020
Қаралым саны: 2829
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус