Аппараттық кеңесте мемлекеттік сатып алу және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері қарастырылды

Бүгiн Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткiзiлген аппараттық кеңесте мемлекеттiк сатып алу және халықты әлеуметтiк қорғау мәселелерi қарастырылды.

Мемлекеттiк сатып алу және коммуналдық меншiк басқармасының басшысы Мұрат Рахымбергеновтiң айтуынша ағымдағы жылы құрылыс, жөндеу объектiлерi және iрi сатып алу бойынша 2044 конкурс өткiзiлген, 136-сы бойынша қорытындылары шығарылуда, келiсiмдер жасалу сатысында.

Мемлекеттiк сатып алу және коммуналдық меншiк басқармасы 102 конкурс өткiзген немесе ол облыс бойынша жалпы өткiзiлген конкурстық рәсiмдердiң 30%.

Талқылау қорытындысы бойынша өңiр басшысы Ермек Маржықпаев кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасына «Атамекен» РКП-мен бiрлесiп мемлекеттiк сатып алуда жергiлiктi қамтылым бойынша нысаналы көрсеткiштерге қол жеткiзудi бақылауды тапсырды. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң алдында мемлекеттiк сатып алулар, соның iшiнде Нұрсұлтан қаласының төңiрегiн дамытудың кешендi жоспары және «Ауыл — Ел бесiгi» арнайы жобасы бойынша ақшалай қаржыны уақытында игерудi қамтамасыз ету мiндетi тұр.

Жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасының басшысы Дина Ахметжанова 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру туралы баяндады.

Ағымдағы жылы техникалық және кәсiптiк бiлiм берумен 9-11 сыныптардың 1190 түлегi қамтылды. Қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқуға 1780 адам немесе жылдық жоспардың 71,5% жолданды. Оқуын аяқтағаннан кейiн жұмысқа орналастыру үлесi 66% құрады. 2 224 млн теңге соммасына 545 микрокредит берiлдi. Жылдың басынан берi кәсiпкерлiк негiздерiне оқытуға 1478 адам жолданды, 460 грант берiлдi.

Атаулы әлеуметтiк көмек алуға 8 мың өтiнiш қабылданды, соның iшiнде 7,6 мың отбасына тағайындалды. Қазiргi уақытта 135 отбасы бойынша кiрiстерiн жасыру фактiлерi анықталды.

Ермек Маржықпаев аудандар мен қалалардың әкiмдерiне жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасымен бiрлесiп жұмыссыздықтан қорғаудың әлеуметтiк шараларымен қамтылған тұлғаларды тұрақты жұмыс орындарына орналастыруға тұрақты бақылау жүргiзудi, халықтың нысаналы топтарынан шыққан азаматтарды жұмысқа орнастыру үшiн жұмыс орындарын квоталауды қамтамасыз етудi, атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешiмдердi қолданыстағы заңнамаға қатаң сәйкес қабылдауды, мүмкiндiгi шектеулi тұлғаларға арналған кедергiсiз орта құрудың жол картасы шеңберiнде кешендi бейiмдеу iс-шараларын жүргiзудi тапсырды.

  

Құрылған күні: 05.09.2019
Қаралым саны: 387
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус