Құрметті ақмолалықтар!

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен 2020 жылғы 16 наурыздан бастап елде төтенше жағдай енгiзiлдi.

Мұндай шара елiмiзде Тәуелсiздiк алғаннан берi алғаш рет қабылданып отыр.

Бұл коронавирус инфекциясының таралуын төмендету бойынша жасалған қажеттi қадам.

Коронавируспен күресу үшiн барлық медициналық ұйымдар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерi күшейтiлген тәртiпте жұмыс iстеуде.

Елiмiзге коронавирус инфекциясының енуiне байланысты, Ақмола облысы аумағында вирус таралуының алдын алу бойынша жүргiзiлiп жатқан жұмыстар туралы хабарлағым келедi.

Бiздiң маңызды мiндетiмiз — коронавирус инфекциясының жағдайларын болдырмау және өңiрдегi тұрақты әлеуметтiк-экономикалық жағдайды сақтау.

Өздерiңiз бiлесiздер, Қазақстанның екi қаласы — Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин жарияланды. Осыған байланысты, барлық қызметтер күшейтiлген режимге көшiрiлдi. Шетелден Ақмола обылсына келетiн азаматтар мiндеттi түрде карантинге жатқызылады. Қазiргi сәтте, карантинде 31 адам бар.

Карантинде болуы үшiн барлық жағдай жасалды, азаматтардың жағдайы қанағаттанарлық. Бүгiнгi таңда, облыста коронавирус инфекциясы тiркелген жоқ. Алайда, бiз өңiрде алдын алу шараларын жүргiзудемiз. Атап айтқанда: өңiрдiң әлеуметтiк маңызы бар объектiлердi жиi дезинфекцияланады, барлық бұқаралық iс-шараларға тыйым салынды, оқушылар онлайн оқытуға көшiрiлдi, адамдар жаппай жиналатын орындарға бару шектелдi.

Сондай-ақ, ерекше маңызды құрылымдарды қоспағанда, барлық құрылымдар қашықтықтан жұмыс iстеу режимiне көшiрiледi. Iрi сауда орталықтарының жұмыс кестесi қысқартылды.

Бiз, облыс тұрғындарын саналы болуға және вирустан қорғану бойынша барлық алдын алу шараларын сақтауға шақырамыз.

Сонымен қатар, ақмолалықтардың интернет-ресурстар арқылы таратылатын күмәндi ақпаратқа сенбеуiн, ресми дереккөздерге ғана сенуiн сұраймын.

Бүгiнгi таңда, облыс жеке қорғану заттарының тапшылығын шештi.

«Тыныс» АҚ тiгiн цехының бiрiн маска тiгуге қайта бейiмдедi.

Күнi кеше ғана, тұрмыстық химия зауыты антисептикалық өнiм — жаңа өндiрiстi iске қосты. «Есiл» ӘКК 15 000 литр дайындауға шарт жасалды.

Төтенше жағдай кезеңiнде азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сонымен қатар әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларының жеткiзiлуiне және бағаны тұрақтандыруға басты назар аударылады.

Iрi сауда объектiлерiнiң, ойын-сауық мекемелерiнiң және кейбiр қоғамдық тамақтану объектiлерiнiң жұмысына уақытша шектеу енгiзiлдi.

Алайда, барлық азық-түлiк дүкендерi, супермаркеттер, азық-түлiк базарлары санитариялық және дезинфекциялық шараларды күшейту арқылы күнделiктi режимiнде жұмыс iстейтiн болады.

Сонымен қатар, барлық кәсiпкерлердi, бағаның тұрақтылығын сақтау және халыққа қажеттi тамақ өнiмдерiн жеткiзу арқылы облысымыздың тұрғындарына, ең алдымен халықтың әлеуметтiк осал топтарына қолдау көрсетулерiн сұраймын.

Тұрғындарды толғандыратын маңызды мәселелердiң бiрi — азық-түлiк нарығының толығуы мен өнiмге деген баға. Бүгiнгi таңда, өңiрде әлеуметтiк маңызы бар тамақ өнiмдерiмен iркiлiссiз жабдықтау қамтамасыз етiлдi, себебi өнiмнiң басым көпшiлiк түрi бiздiң облысымызда өндiрiледi. Ақмолалықтар сөрелерден барлық өнiмдi сатып ала отырып, алаңдамауы тиiс. Азық-түлiк қауiпсiздiгiне кепiлдiк беремiз.

Сондай-ақ, қала тұрғындарының азық-түлiк қажеттiлiгiн қорғауға негiзделген тұрақтандыру қоры жұмыс iстейдi. Бүгiнгi таңда, тұрақтандыру қорының азық-түлiк картасы толық. Бiрiншi кезекте қажеттi тауарларды «Қамқор» базарынан төменгi бағамен сатып алуға болады.

Сонымен қатар, барлық кәсiпкерлердi баға диапазонын сақтауға, өнiм бағасын негiзсiз көтермеуге шақырамын. Әйтпесе, төтенше жағдай шеңберiнде жергiлiктi билiк тиiстi шара қолдануға мәжбүр болады.

Барлық медициналық мекемелердiң толық дайындыққа келтiрiлгенiн ерекше атап өткiм келедi. Облыстың ауруханалары барлық қажеттi дәрiлiк заттармен және дезинфекциялау құралдарымен жабдықталды.

Нұр-Сұлтан қаласында карантин енгiзiлуiне байланысты, елордаға жақын орналасқан облыстың 7 ауылы да карантин тiзiмiне қосылды. Олар — Талапкер, Қараөткел (Ильинка), Қоянды, Қосшы, Жiбек жолы, Ы.Алтынсарин және Тайтөбе. Осы елдi мекендердiң тұрғындары шектеусiз қалаға кiрiп, шыға алады. Алайда, бұл жағдайда төтенше жағдайдың барлық талаптарын қатаң сақтау қажет. Астанаға барудың өте қажеттiлiгi болмаған жағдайда, осы елдi мекендердiң тұрғындарын жолға шығудан бас тартып, үйлерiнде қалуын сұраймын.

Күн сайын қоғамдық көлiктi халқымыздың басым көпшiлiгi пайдаланатынын бiлемiз. Сондықтан, автобустарда күшейтiлген дезинфекциялау жүргiзiледi. Тасымалдаушыларды санитарлық қызметтердiң талабын бұлжытпай орындауға шақырамын.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының көпшiлiгi электрондық форматқа көшiрiлдi. Қажеттi құжаттарды интернет-рсеурстар арқылы да алуға болады, сондықтан ХҚКО барудың қажеттiлiгi жоқ.

Мектеп оқушылары мен студенттердiң қашықтықтан оқытуға көшуiне, сондай-ақ барлық үйiрмелердiң, репетиторлық орталықтар мен секциялардың жабылуына байланысты, мұғалiмдер мен оқытушылардың жалақысы сақталатынын естерiңiзге саламын.

Мектеп жасына дейiнгi сәби балабақшаға бармаған жағдайда, оның орны сақталады. Наурыз мейрамынан кейiн балабақшалар жабылады. Бүгiнгi таңда, балалардың мектепке дейiнгi мекемелерiне балалардың 24% ғана барып жүр.

Жұмыскерлердiң құқықтары бойынша мәселеге тоқталғым келедi. Төтенше жағдайға байланысты, жұмыс берушiлердi жалақының толық көлемiнде сақталуымен жұмыскерлердi үйлерiне жiберiп, қашықтық режимiне көшу арқылы әлеуметтiк қамқорлық көрсетуге шақырамын. Кәсiпорын немесе ұйым өз қызметiн тоқтатуға мәжбүр болған жағдайда, олар өз қызметкерiне минимальды жалақысын төлеуге мiндеттi.

Ел үшiн осы бiр күрделi уақытта, мемлекет бұрын-соңды болмаған шараларға баруда. Бизнеске жан-жақты қолдау көрсетiлiп, импорт алмастыру мақсатында өз өндiрiсiн құру бастамасы ынталандырылатын болады

Ал жұмыс iстеп тұрған кәсiпкерлер үшiн салық жеiлдiктерi енгiзiлуде. Атап айтқанда, кинотеатрлардың, iрi сауда және басқа да объектiлердiң иелерi мүлiк салығынан төлеуден бiр жылға босатылады.

Сондай-ақ, жеке кәсiпкерлер жеке кiрiс салығынан босатылатын болады. Орта бизнестi тексеру саны қысқартылады.

Сонымен қатар, гигиенаның қарапайым санитарлық ережелерiн сақтауға назарларыңызды тағы да аударамын.

Қолдарыңызды жиi жуыңыздар, үй-жайларды желдетiп тұрыңыздар, басқа адамдармен сөйлескенде қашықтықты сақтаңыздар. Өз-өздерiңiзбен оқшаулануларыңыз қажет. Бұл — вируспен күресудiң маңызды шарты. Шамалы ғана симптомда 103 нөмiрi арқылы жедел жәрдем қызметiне немесе 1406 нөмiрi бойынша колл-орталығына хабарласыңыз. Сондай-ақ, ауруды немесе ауырған адаммен байланыста болған тұлғаларды жасырғаныңыз үшiн, қылмыстық жауапкершiлiк қарастырылғанын ескертемiн.

Бiздiң облысымыз үшiн биылғы жыл өте қауырт жыл болды. Қыста көп көлемде қар жауды. Өңiрде су тасқынына қарсы iс-шаралар жүргiзiлуде. Осы iс-шараларға қаражат бөлiндi. Әзiрше, тұрғын үйлердi және басқа да объектiлердi су басуға жол берiлген жоқ.

Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылуда және ерекше бақылауға алынды.

Құрметтi жерлестер!

Осы бiр қауырт уақытта Наурыз мерекесiн жаңа форматта өткiзетiн боламыз. Осы жағдайды пайдалана отырып, барша ақмолалықтарды алдағы Наурыз мейрамымен құттықтаймын.

Қазiргi сәтте тыныштықты сақтау, күтiнiп жүру өте маңызды. Барша күш-жiгерiмiздi қиындықтарға қарсы күресуге жұмылдыра отырып, өзiндiк тәртiп, азаматтық жауапкершiлiк, ынтымақтастық сияқты адами қасиеттер қажет.

Жұмыла көтерген жүк жеңiл!

Баршаңызды келе жатқан Ұлыстың Ұлы күнiмен құттықтаймын!

Отбасыларыңызға амандық, дендерiңiзге саулық тiлеймiн!

Елiмiз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Құрылған күні: 20.03.2020
Қаралым саны: 916
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус