Қазақстан Президенті Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевты қабылдады

Мемлекет басшысына Ақмола облысының биылғы 8 айдағы әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындылары, сондай-ақ келесi жылы Көкшетау қаласында өтетiн Қазақстан мен Ресейдiң өңiраралық ынтымақтастығы форумына дайындық барысы баяндалды.

Қазақстан Президентi өңiрде агроөнеркәсiптiк кешен мен туризм саласының әлеуетiн нығайтудың маңыздылығын айтып, әкiмге жер ресурстарын тиiмдi пайдалану мәселесiн тапсырды. Сондай-ақ, ол балалар мен жастарға қолжетiмдi инфрақұрылым нысандарын салу қажеттiгiн атап өттi.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Маржықпаевқа Ақмола облысын одан әрi дамыту жөнiнде бiрқатар нақты тапсырма бердi.

http://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/meetings_and_receptions/kazakstan-prezidenti-akmola-oblysynyn-akimi-ermek-marzhykpaevty-kabyldady 

 

Құрылған күні: 02.09.2019
Қаралым саны: 378
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус