Көкшетаулық әйгілі «Блэк» компаниясы жаңа ағаш өңдеу фабрикасын ашты

Бүгiн Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев жұмыс сапары шеңберiнде Көкшетау қаласының бiрқатар объектiлерiнде болды.

Өңiр басшысы Қазақстанда жиналған автомобильдер мен қосалқы бөлшектер сататын және қызмет көрсететiн «Hyundai Center Kokshetau» дилерлiк орталығына барды. Салонда 2019 жылы шығарылған Hyundai автомобилiнiң жаңа түрлерi қойылған. Орталық өкiлдерiнiң айтуынша кiшкентай қала үшiн олар рекордтық сату көрсеткiштерiне қол жеткiзген. Кредитке сатып алатын клиенттер үшiн компаниядан жеңiлдiктер қарастырылған. Сондай-ақ «Қазақстан даму банкi» АҚ-мен ынтымақтастық шеңберiнде отандық өндiрушiлердiң автомобильдерiн қаржыландыру мемлекеттiк бағдарламасы бойынша жеңiлдiкпен кредиттеу қолданылады.

Ермек Маржықпаев барған келесi объектi «БЛЭК» ЖШС-нiң жаңа ағаш өндеу фабрикасы болды. Қазақстандық брендке айналған компанияны дизайнер, суретшi-әрлеушi Юрий Никитенко құрған. Бүгiнгi таңда отбасылық кәсiпорынды ағайынды Олег және Роман Никитенколар басқарады. Мұнда кәдiңгi ағаш түрлерiнен дәстүрлi қазақ ыдыстарын және ұлттық стильдегi үй жабдықтарын жасайды. Барлығы 1200-ден астам бұйым түрлерi жасалған, олар авторлық құқықпен қорғалған.

Облыс әкiмiне кәсiпорынның өндiрiстiк кезеңi таныстырылды. Ағаштан жасалған әрбiр бұйым дайын түрiне жеткенше өңдеудiң 27 сатысынан өтедi. Алғашқы кезеңдерi станоктарда жасалады, ал негiзгi сатысы жоғары бiлiктi шеберлердiң қолымен жасалады.

Бүгiнгi таңға дейiн «БЛЭК» ЖШС жалға алынған кiшкентай орынжайда орналасқан. Бүгiн өзiнiң 30 жылдық мерейтойын кәсiпорын ауданы 3 500 квадрат метр үлкен ғимаратта қарсы алып отыр. Ермек Маржықпаев ұжымды мерейтойымен құттықтап, қызметкерлерiне алдағы уақытта еңбекте жаңа табыстар тiледi.

Өңiр басшысы «Болашақ» балабақшасының және Вавилов көшесiндегi жолдың күрделi жөндеуiн барып қарады. Мектепке дейiнгi мекеме өткен жылдың қазанында мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк қағидаты бойынша жеке кәсiпкерге сенiмгерлiк басқаруға берiлген. Жеке инвестор 55 млн. теңгеге жөндеу жұмыстарын жүргiздi.

Вавилов көшесi бойынша автожолды жөндеудiң екi жылдық жобасы аяқталды, ол «Жайлау» мөлтек ауданынан «Көкшетау-Зерендi» трассасына шығуды қамтамасыз етедi. Учаскенiң ұзындығы — 1853 метр, енi — 9 метр. Су өткiзу имараттары, тротуарлар, әрбiр жеке меншiк үйге кiреберiс бордюрлер салынған, жарық орнатылған, мұнда ешқашан болмаған асфальт жабыны төселген. Жөндеу жұмыстарының жалпы құны 513 млн теңге құрады.

Ермек Маржықпаев қазан айының аяғына дейiн қаладағы барлық жол жұмыстарын аяқтауды тапсырды. Ал 14 қазаннан бастап Н.Назарбаев даңғылының екi белсендi қиылысында С.Жүнiсов және Абай көшелерi бойынша «жеңдер» iске қосылады.

Құрылған күні: 10.10.2019
Қаралым саны: 224
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус