Ақмола облысы әкімдігінің отырысында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары талқыланды

Бүгiн Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткiзiлген әкiмдiктiң отырысында ағымдағы жылдың 10 айындағы әлеуметтiк-экономикалық даму және өңiр бюджетiнiң атқарылу қорытындылары, сондай-ақ мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыруды енгiзуге дайындық барысы талқыланды.

Экономика және бюджеттiк жоспардау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаевтың ақпараты бойынша, есептi кезеңде барлық макроэкономикалық көрсеткiштер орындалды. Нақты көлем индексi, ауыл шаруашылығы, өнеркәсiп өндiрiсiнiң жиынтық өнiмi, инвестициялар, құрылыс жұмыстары көлемi, тұрғын үйлердi пайдалануға беру және басқа да көрсеткiштер өстi.

Талдау қорытындысы бойынша Ермек Маржықпаев салалық басқармаларға аудандар мен қалалардың әкiмдiктерiмен бiрлесiп «қарапайым заттар экономикасы» шеңберiнде жеңiлдiкпен кредиттеу мәселесiн пысықтауды, өңдеу өнеркәсiбi кәсiпорындарының қуаттылығын жүктеудi, құрылыс жұмыстарының оң қарқынын, адам капиталын арттыруға бағытталған iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етудi тапсырды.

Бюджеттiң атқарылу қорытындысы туралы қаржы басқармасының басшысы Талғат Бөлтенов баяндады. Бюджеттiң көлемi 225,5 млрд теңге құрады. Шығыс бөлiгi 98,4% деңгейiнде орындалды. Облыс әкiмi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне, аудандар мен қалалардың әкiмдiктерiне жылдың қорытындысы бойынша қаржыларды толық игерудi тапсырды.

Үшiншi мәселе бойынша «Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры» Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Ақылбеков баяндады. Бүгiнгi таңда мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыруды енгiзу шеңберiнде облыс бойынша халықтың 77,4% өзектiлендiрiлдi. Сақтандырылған тұлғаның мәртебесiн анықтауға мүмкiндiк беретiн арнайы ақпараттық жүйе iске қосылды. Ақмола облысы бойынша 2020 жылы 48,8 млрд теңге көлемiнде қаржыландыру жоспарланып отыр, ол 2019 жылғы бюджеттен 1,3 есе жоғары.

Ермек Маржықпаев салалық басқармаларға деректердi өзектiлендiру бойынша жұмысты аяқтауды, МӘМС мәселелерi бойынша түснiктеме беру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Құрылған күні: 27.11.2019
Қаралым саны: 184
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус