Көкшетауда Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының ХХII сессиясы өткізілді

Бүгiн Көкшетауда Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының ХХII сессиясы өткiзiлдi. Оның жұмысына «Бiрлiк пен келiсiм — қоғамды әлеуметтiк жаңғыртудың негiзi» атты күн тәртiбiмен ассамблея мүшелерi, этномәдени және дiни бiрлестiктердiң төрағалары, мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттiк органдардың, саяси партиялардың, ҮЕҰ басшылары, БАҚ өкiлдерi қатысты.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының төрағасы сессияны ашып, елiмiз өзiнiң дамуында қоғам өмiрiнiң барлық салаларында ауқымды өзгерiстер жүргiзiлiп жатқан жаңа тарихи кезеңге қадам басқанын айтып өттi. «Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVII сессиясында Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев қоғамда тұрақтылықты сақтау мен нығайтуға бағытталған тетiктердiң бұдан әрi жұмылдырылған және тиiмдi жұмысын қамтамасыз ету мiндетiн жүктедi», — дедi Ермек Маржықпаев.

Сөз сөйлеу барысында Ермек Маржықпаев облыстық ассамблея хатшылығына тиiстi басқармалармен бiрлесiп өңiрде «Тұңғыш Президенттiң жолымен» халықтық экспедияциясы» жобасын жүзеге асыруды, мемлекеттiк тiлдi оқыту бойынша «Мәмiле» клубының жұмысын күшейтудi, медиацияны дамыту бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды.

Келесi жылы Қазақстанда бiрқатар мерейтойлар атап өтiледi. Олар — Конституция мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы, Ұлы Жеңiстiң 75 жылдығы, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы, Шоқан Уәлихановтың 185 жылдығы, Әл Фарабидiң 1150 жылдығы. «Этномәдени бiрлестiктер мен ҚХА мүшелерi мерейлi жылы бiлiм беру, әлеуметтiк жобалар әзiрлеп жүзеге асырулары, қайрымдылық акцияларын өткiзулерi керек. Жұмыс кешендi және жүйелi сипатта болауы қажет», — дедi облыс әкiмi.

Сесссия барысында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы төрағасының жаңа орынбасары — Норик Ашотович Магламян таныстырылды, сонымен қатар Ақмолалық ҚХА-ның жаңа құрамы бекiтiлдi.

Облыстық ассамблеяның белсендi мүшелерi салтанатты түрде облыс әкiмiнiң алғыс хаттарымен марапатталды, сондай-ақ, журналистика саласындағы «Шаңырақ» облыстық шығармашылық конкурсының жеңiмпаздарына бағалы сыйлықтар табыс етiлдi.

Сессияның қорытындысы бойынша үндеу қабылданды, онда Ақмола ассамблеясы облыс халқын қоғамдағы тұрақтылықты, этносаралық келiсiм мен бiрлiктi нығайтуға шақырды.

Құрылған күні: 29.11.2019
Қаралым саны: 178
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус