Ермек Маржықпаев халыққа атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа тетіктерін енгізу бойынша кеңес өткізді

Бүгiн облыс әкiмдiгiнде өңiр басшысы Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен халыққа атаулы әлеуметтiк көмек тағайындаудың жаңа тетiктерiн енгiзу бойынша кеңес өткiзiлдi.

«Ел Президентi Қазақстан халқына Жолдауында Үкiметтiң алдына атаулы әлеуметтiк көмек тағайындаудың ашықтығын, әдiлдiгi мен еңбекке ынталандыруын қамтамасыз ету мақсатында оның тетiктерiн түзету, сондай-ақ аз қамтамасыз етiлген отбасылардың балалары үшiн кепiлдi арнайы пакет енгiзу мiндеттерiн жүктеген болатын.

2020 жылы 5 мың аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (19,3 мың адам) атаулы әлеуметтiк көмек төлеуге барлығы 1,4 млрд. теңге қарастырылған, соның iшiнде 195 млн. теңге кепiлдi арнайы пакетке. Шағым жоқ, облыста жағдай тұрақты, соған қарамастан бiз барлық мәселелердi, атап айтқанда төлеудiң жаңа жүйесiн егжей-тегжейлi талқылауымыз керек. Мәселелер туындап жатқанын әлеуеттiк желiлерден көрiп отырмыз, сондықтан түсiнiктеме беру жұмыстарын жақсы жүргiзуiмiз қажет», — дедi Ермек Маржықпаев.

Облыс әкiмiнiң орынбасары Қ. Ыдырысов өз кезегiнде атаулы әлеуметтiк көмек алатын 4,5 мыңнан аса отбасының балаларына гигиеналық жабдықтар мен азық-түлiк жиынтығы бар кепiлдi арнайы пакет берiлетiн болатынын баяндады.

Өңiрiмiзде 2020 жылы жалпыға бiрдей бiлiм беру шеңберiнде облыстық бюджеттен аз қамтамасыз етiлген отбасылардың 9 мың оқушысына тегiн ыстық тамақ ұйымдастыруға 224,3 млн. теңге және мектеп формасы мен кеңселiк тауарлармен қамтамасыз етуге 317,5 млн. теңге қарастырылғанын айта кетуiмiз керек.

Кеңестi қорытындылай келе, облыс әкiмi Ермек Маржықпаев аз қамтамасыз етiлген отбасылардың балалары үшiн кепiлдi арнайы пакеттер жеткiзу мәселелерiн жергiлiктi атқарушы органдар мұқият қарастырулары және барлық деңгейлер әкiмдерiнiң бақылауында болуы қажеттiгiн қадап айтты.

Ақмола облысы әкiмiнiң баспасөз қызметi

Құрылған күні: 09.01.2020
Қаралым саны: 224
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус