Ермек Маржықпаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауын өткізді және «Nur Otan» партиясының 21 жылдығымен құттықтады

Облыс әкiмi, «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Ермек Маржықпаев азаматтарды жеке мәселелерi бойынша қабылдады. Азаматтар облыс орталығын абаттандыру, аллеяларды құру, фандоматтарды енгiзу бойынша өздерiнiң идеяларын баяндады. Әрине, мұндай қабылдауға әдетте соңғы үмiттерiмен, әсiресе жерге қатысты мәселелерiмен келедi.

Жағажайды абаттандыру жобасын құра отырып, Валентин Жулин кеңейiп келе жатқан қалаға көлге назар аударуы қажет деген пiкiрдi басшылыққа алады. Оның жобасы бойынша Қопа көлiнiң жағасында суға түсу аймағынан басқа, демалу, спорт, аллея аймағы, ипподром, одан әрi қарай — аққулы көл болуы тиiс. Бұрынғы спортшы, құрылысшы және тың игерушi игерiлмеген сортаң учаскенi игерудi ұсынады.

«Демалу аймағын көлдiң солтүстiк жағынан шоқының маңында құру керек, онда балалар мен ересектерге арналған суға түсу аймағы болады, оған қоса көлдiң айналасында 50 метрлiк су қорғау аймағын, iшкi жағында жаяу жүргiншi жолын құру және қарағай, шырша, майлы қарағай ағаштарын отырғызу қажет», — деп өтiндi зейнеткер.

Ермек Маржықпаев идеяның жағажайды абаттандырумен болжанған жұмыстармен үйлесетiндiгiн атап өттi.

«Жағажайды iстеймiз, ақша бөлiндi, жұмыстар басталды, сондай-ақ барлық МемСт және стандарттарымен қоса жол болады», деп атап өттi өңiр басшысы.

Ирина Нустың идеясы Ермек Маржықпаевта қызығушылық танытты, ол кәсiпкерлердiң арасында эстетикалық және санитарлық жағдайына бақылау жүргiзу үшiн қоғамдық көлiк аялдамаларының атауына конкурс жариялауды; соттармен айыппұлдар мен түзету жұмыстарымен қатар баламалы түрде әкiмшiлiк тұтқындауды, қоғамдық жұмыстарды қолдануды; Көкшетау қаласының iрi супермаркеттерiнде және Нұр-Сұлтан қ. «Aqmol» дүкендер желiсiнде фандоматтарды (пластикалық ыдыстарды қабылдау жөнiндегi автомат) орнатуды өтiндi.

Өзектi мәселелермен қатар, тұрғын үй мен жер мәселесi бар. Көпбейiндi облыстық аурухананың дәрiгерлерi әрқайсысы емдеу мекемесiнде жұмыс iстеген он жылдан астам уақыт тұратын жалға берiлген тұрғын үйдi жекешелендiру мәселесi бойынша өтiнiш бiлдiрдi. Олардың айтуы бойынша заңға сәйкес өздерiнiң шаршы метрiн қалдық құны бойынша жекешелендiре алады, алайда облыстық аурухананың әкiмшiлiгi тұрғын үй құнын нарық бағасымен қайта бағалауды жүргiзгiсi келедi.

Облыс әкiмi атап өттi: кадрлар тапшылығына байланысты медицина қызметкерлерiне қарым-қатынас ерекше, сондықтан олардың пайдасына тұрғын үй мәселесiн шешу мақсатында барлық мүмкiншiлiктер қарастырылатын болады.

Ауған соғысының ардагерi Валерий Мерский «Транспортный строитель» ӨК жер учаскесiне жеке меншiк құқығын беру мәселесiмен келдi. Оған берiлген жауап: «жердiң өндiрiстiк кооперативке тиесiлi болуына қарай, шешiмдi ол қабылдайды, сондықтан әрбiр мүшесiнiң пiкiрi ескерiлуi тиiс».

Әкiмнiң қабылдауына Зерендi ауданынан үлескерлердiң үлкен делегациясы жазылды. Шамамен 115 адам шаруашылықтардың бiрiнiң құрамынан шығуға ниет бiлдiрдi. Ауыл тұрғындарының айтуы бойынша, жергiлiктi қауымдастық жер үлестерiн төлемейдi. Iшкi келiспеушiлiк, сот ауырпалықтары бар. Бiтпейтiн дау бiрнеше жыл бойы созылып келедi. Облыс әкiмi Ермек Маржықпаев Зерендi ауданының әкiмi Бауыржан Ғайсаға жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды.

«Аудан әкiмдерiмен жеке айналысатын боламыз, комиссия құрылады, барлығын тексеремiз. Мемлекеттiк органдар сотты алмастырмайды және алмастыра алмайды. Кез келген жағдайда түпкiлiктi шешiмдi заң тұрғысынан қабылданады, сотқа бiрлесiп дайындалайық», — деп қорытындылады өңiр басшысы.

Барлық айтылған ескерлуер мен ұсыныстар бойынша әкiм жауапты ведомстволарға нақтылы тапсырмалар бердi.

Сол күнi, облыс әкiмi «Nur Otan» партиясының 21 жылдығына орайластырылған салтанатты iс-шараға қатысты.

«Nur Otan» партиясының қатарына 7 адам қабылданды. Партия билеттерiн облыстық партия филиалының төрағасы Ермек Маржықпаев тапсырды. Сондай-ақ, облыс әкiмi белсендiлерге алғыс хат табыс еттi.

«Әр бiрiмiздiң көздегенiмiз партия аясында атқарған жұмыстар арқылы елiмiздiң өркендеуiне үлес қосу. Соңғы 20 жыл iшiнде бiздiң партия әр қазақстандықтың алдында адал қызмет атқаратынын дәлелдеп келдi. Бiздiң ендiгi негiзгi мақсатымыз қатарға қосылған жаңа мүшелермен бiрлесе отырып, әрбiр тұрғынның өмiр сүру деңгейiн жақсарту» — дедi Ермек Маржықпаев.

Партияның жаңа мүшелерiнiң қатарында мұғалiмдер, дәрiгерлер, өнер қайраткерлерi, спортшылар мен кәсiпкерлер бар. Бүгiнгi таңда, «Nur Otan» партиясының құрамында 1 миллионнан астам адам бар.

«Мықты саяси партия — қалыптасқан және нәтижелi мемлекеттiң ажырамас бөлiгi, ол бейбiтшiлiк пен келiсiмдi, елiмiздiң тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ететiн қоғамдық-саяси жүйенiң негiзi. Соңғы 20 жыл бойы бiздiң партиямыз өзiнiң тиiмдiлiгiн, әрбiр қазақстандықтардың алдындағы жауапкершiлiгiн дәлелдедi. Бiздiң жақтастарымыз жыл сайын артып келедi. Бiздi Партия доктринасында қаланған ортақ миссия бiрiктiредi. Бiздiң партиямыз Елбасының және Мемлекет басшысының бастамаларын белсендi iске асыруда. Сабақтастық, әдiлдiк және прогресс қағидаттарын ұстана отырып, бiздiң мақсатымыз — елiмiздiң және атап айтқанда өңiрiмiздiң барлық азаматтарының берекесiн қамтамасыз ету.

Бүгiнгi таңда, Ақмола облысы белсендi дамып келедi. Өткен жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтiк-экономикалық дамудың барлық көрсеткiштерiн орындадық. Алайда, бiздiң мiндетiмiз — оның одан әрi гүлденуi жолында жұмыс iстеу. Бiз сайлауалды бағдарламаның жобасында, оған қалай қол жеткiзетiнiмiз нақтылы көрсетiлдi», — деп партия күнiне орай партиялықтарды құттықтады Ермек Маржықпаев.

Одан кейiн, облыс әкiмi салтанатты түрде белсендi-нұротаншыларға партия билеттерiн тапсырды. Жақындап келе жатқан көктем мерекесi — 8 наурыз құрметiне, залда отырған әйелдерге гүл шоқтары мен кiтап сыйланды.

Құрылған күні: 28.02.2020
Қаралым саны: 1567
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус