Ермек Маржықпаев Степногорск қаласы әкімінің халыққа есеп беру кездесуіне қатысты

Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев Степногорск қаласына жұмыс сапары шеңберiнде жалға берiлетiн 45 пәтерлi тұрғын үйлердiң құрылысын салу барысымен танысты. Өңiр басшысы бес қабатты үйлердi салу сапасына, пайдалануға беру мерзiмдерiне қанағаттанбады және құрылысты уақытында аяқтауды, жаңа құрылыстардағы барлық кемшiлiктердi жоюды тапсырды.

Одан әрi Ермек Маржықпаев Бөгенбай батыр атындағы облыстық мамандандырылған олимпиада резервi мектеп-интернат-колледжiнде болды. 20 жылда мектеп-интернат 505 түлек бiтiрiп шықты, 248 оқушы Қазақстанның ұлттық құрама командасына құрамына енгiзiлдi. Мұнда өңiр басшысы тәрбиеленушiлер жатығатын залдарда болып спортшылармен кездестi. Жатықтырушылар құрамымен кездесуде облыс әкiмi ауыр атлетика залын жөндеу үшiн интернатқа 16 млн. теңгеге сертификат тапсырды.

Келесi объект «Степногорск көпбейiндi қалалық ауруханасы» ШЖҚ МКК болды. Объектiнiң қуаттылығы тәулiгiне 270 төсек орын және күндiзгi 37 төсек орын. Облыс әкiмi жөндеудi көп қажет ететiн орынжайларын жөндеуге ЖСҚ әзiрлеудi тапсырды. Сондай-ақ ауруханаға күрелi жөндеу жасау үшiн қаржы бөлу мүмкiндiгiн қарастыру қажеттiгiн айтты. Атап айтқанда, мұнда реанимация, анестезия және интенсивтi терапия бөлiмшелерiнде жабдықтарын жаңғырту күрделi жөндеу жасау, лифт және т.б. жөндеу қажет.

Өңiр басшысы барған соңғы объектi «Амбулаториялық диализ орталығы» болды. Жоба МЖӘ шеңберiнде жүзеге асырылған. Созылмалы бүйрек ауруларымен ауыратын пациенттер жаңа орталықтың арқасында өмiрлерiн ұзарта алады. Мұнда Здесь предоставляются услуги гемодиализ және гемодиальфитрация, трансплантациядан кейiнгi кезеңдегi терапия қызметтерi жоғары сапалы көрсетiледi.

Орталықта суды алдын ала тазарту жүйесi, гемодиализ аппараттары және для гемодиализ үшiн көпбейiндi креслолар орнатылған. Орталықтың ашылуымен Ақмола облысы халқыныңы бүйрек ауруларын емдетуге қол жетiмдiлiгi артты.

Жұмыс сапарының қортындысы бойынша Ермек Маржықпаев Степногорск қаласын дамыту бойынша бiрқатар тапсырмалар бердi және жергiлiктi азаматтарды жеке мәселелерi бойынша қабылдауды. Келушiлер тұрғын үй бөлу, жұмысқа орналастыру және мүмкiндiгi шектеулi адамдар үшiн көлiк бөлу тралы өтiнiштерiн бiлдiрдi.

Сол күнi Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаевтың қатысуымен Степногорск қаласының әкiмi Еркебұлан Баяхметовтiң халыққа есеп беру кездесуi өткiзiлдi. Қала әкiмi өткен жылғы негiзгi әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштерi туралы баяндады.

Есеп беру кездесуiнiң алдында Ермек Маржықпаев «Горняк» ОМС өнiмдер көрмесiн қарап шықты. Здесь были представлены изделия в области Мұнда робототехника саласындағы бұйымдар, Степногорск подшипник зауытының және «КАЗАХАЛТЫН» ТКМК» АҚ, ТОО "Астана-Нан" ЖШС, сондай-ақ моноқаланың өзге де iрi кәсiпорындарының өнiмдерi , қойылған.

Қала бастығының айтуынша, 2019 жылы Степногорск қаласында 164,4 млрд.теңгенiң өнеркәсiп өнiмдерi өндiрiлдi, өнеркәсiп өндiрiстiң индексi 104,8% құрайды.

2019 жылы қала экономикасына 26,6 млрд. теңге инвестиция салынды, нақты көлем индексi 112,9% құрайды.

Әр түрлi салаларда шағын және орта бизнестiң 3,4 мың субъектiлерi қызмет атқарып жүр. Жұмыс iстейтiн субъектiлердiң үлесi 2018 жылымен салыстырғанда 5 пайыздық тармаққа өстi.

«Еңбек» өнiмдi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiк дамыту бағдарламасы бойынша 240,1 мың теңгеге 40 шағын несие және жаңа бизнес-идеяларды iске асыру үшiн жалпы соммасы 27,5 млн.теңге 82 мемлекеттiк грант берiлдi.

Қалалық бюджеттi ортақ қаржыландыру аймақтық бағдарлама және «Даму» қоры бойынша, өнеркәсiп пен медицина салаларында жалпы соммасы 60 млн. теңге жеңiлдiк мөршерлемемен 3 жоба қаржыландырылды.

Әлеуметтiк маңызды тауарларға бағаларды тұрақтандыру мақсатында, Степногорск аймағының, облыс iргелес аудандарының және Нұр-Сұлтан қаласы тауарөндiрушiлерiнiң қатысуымен апта сайын жәрмеңкелер өткiзiледi, 2019 жылы 700 млн.теңгеден астам өнiмдер өткiзiлдi, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңiне қарағанда 104,5 %.

Ауыл шаруашылығы саласында жиынтық өнiмнiң өндiрiсi 5 млрд. теңге құрады, жалпы өнiмнiң НКИ — 102,8 %, мал мен құс басы көбейдi. 2019 жылы Степногорск аймағының ауылдарында 5 мал бордақылау алаңы, шағын құс фабрикасы, үй қоянын өсiру шаруашылығы ашылды. Даланың электрондық карталарын қалыптастыру бойынша жұмыстар орындалды.

Тұрғын үй 12,9 мың шаршы метр немесе 2018 жылға қарағанда 132 % енгiзiлдi. Соңғы 30 жыл iшiнде алғашқы рет «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберiнде қалада 2019 жылы тұрғын үй құрылысы бойынша жұмыстар басталды: екi 45 пәтерлi тұрғын үй құрылысы басталды, тағы екi 45 пәтерлi тұрғын үйдiң жобалық-сметалық құжаттамалары әзiрлендi, 20-шағын аудандағы (2-кезек, 1-кезеңi) ЖТҮ-не электрқуатын беру желiлерiнiң құрылысы аяқталды, Заводской, Ақсу кенттерi және Қарабұлақ ауылының даму схемалары әзiрлендi.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту үшiн «Шоқы-305» су тазартқыш ғимаратының кең көлемдi қайта құру жобасы аяқталуда.

Еңбек нарығында 462 тұрақты және 772 уақытша жаңа жұмыс орындары ашылды. Жұмысқа 2372 жұмыссыздар алынды, жұмысқа орналастыру деңгейi 99,4 пайызды құрады.

Өнiмдi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы шеңберiнде 2974 адам мемлекеттiк қолдау алды.

2019 жылы әлеуметтiк көмекке 344,4 млн. теңге берiлдi, 6782 адам қамтылды.

Мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiктi жүзеге асыру шеңберiнде, «Степногорск Энергокомплекс» ЖШС және «Қазақалтын» ТКК» АҚ қолдауымен, сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқушыларды кәсiптiк бағдарлау мақсатында, №4 мектеп-гимназияда және Бестөбе кентiнiң № 1 ОМ робототехника кабинеттерi ашылды.

Денсаулық сақтау саласында материалдық-техникалық базаны нығайту аясында 140 млн. теңгеге медициналық жабдықтар сатып алынды.

Орталық қалалық аурухананың базасында, 2019 жылдың шiлде айынан бастап созылмалы бүйрек жеткiлiксiздiгiмен ауыратын адамдарға арналған амбулаториялық қан тазалау орталығы жұмысын бастады. Процедуралар кепiлдi мемлекеттiк тапсырыс бойынша орындалады.

Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын тұрғындардың санын арттыру мақсатында, 2019 жылы спорттық инфрақұрылымды кеңейту бойынша жұмыс жалғастырылды, оның iшiнде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын iске асыру шеңберiнде 5, 6-шағын аудандарда және Бестөбе кентiнде 3 спорт алаңдары салынды.

Қылмыстың ашылуын жақсарту мен алдын алу мақсатында, қоғамдық орындардар мен тұрғын үйлердiң аулаларында орнатылған бейнебақылау нысандарына қосымша, 2019 жылы Степногорск қаласының көше-жол желiсi бойынша Полиция басқармасына көрiнiс шығаратын 5 бейнебақылау камералары, ормандық саябақ аймағында 4 бейнебақылау камералары орнатылды.

Құрылған күні: 05.02.2020
Қаралым саны: 3699
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус