Ермек Маржықпаев есіл ауданы әкімінің есеп беру кездесуіне қатысты

Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев Есiл ауданына жұмыс сапары шеңберiнде Есiл қаласының №1 ОМ болды. Мұнда 322 оқушы оқиды, мектеп жанында «Қарлығаш» шағын орталығы бар, онда 24 бала тәрбиеленедi. Бiлiм беру мекемесiне күрделi жөндеу жасау, бойға шақ жиһаз сатып алу, асхана жабдықтары мен жиһаздарын ауыстыру қажет. Ермек Маржықпаев қазiр жөндеу жұстарына 47 млн теңге бөлiнiп отырғанын, ал болшақта мүмкiндiк болған жағдайда облыстық бюджеттен қосымша қаржы бөлiнетiнiн айтты.

Содан кейiн өңiр басшысы ауылдың қазандығында болды. 2019 жылы Свободное ауылының тұрғындарын жылумен қамтамасыз ету үшiн 71 млн теңгеге блок-модульдiк қазандық сатып алып орнатылды, сондай-ақ 14 млн теңгеге ұзындығы 4 км жылу құбырын тарту жұмыстары жүргiзiлдi. Қазiр ауылда жылу беру маусымы штаттық режимде өткiзiлуде. Кенттiң тұрғындары тұрғын үй жағдайларын жақсартқаны үшiн әкiмге алғыстарын айтып денсаулық тiледi. Облыс әкiмi өз кезегiнде мұндай проблемаларды жылу беру кезеңiнде емес, алдағы уақытта жоспарлы түрде шешу қажеттiгiн айтты. Естерiңiзге сала кетейiк, жөндеу жұмыстары өткен жылдың қараша-желтоқсан айларын жүргiзiлген болатын.

Келесi барған объектi апатты көпiр болды. Мұнда 2 жылда Свободное және Раздольное ауылдарының тұрғындарына Қызыл су өзенi арқылы өтетiн көпiр құрылысын салу жоспарланып отыр. Қолданыстағы объектi 1971 жылы салынған. Қазiр ол апатты жағдайда.

Өңiр басшысы конкурстық рәсiмдердi тезiрек аяқтауды және судың деңгейi нормаға келген кезде құрылысты бiрден бастауды тапсырды. Жобаның құны — 417 млн теңге, 2020 жылға 235 млн теңге бөлiндi. Болашақ темiрбетон көпiрдiң ұзындығы — 72 м, енi — 11 м.

Одан әрi өңiр басшысы Есiл қаласының №2 ОМ болды, онда 368 бала оқиды. Мұнда да күрделi жөндеу, жиһаз сатып алу, жабдықтарын ауыстыру және оқу орнының аумағында спорт алаңы қажет. Ұстаздармен кездесуде Ермек Маржықпаев, бiлiм беру сапасын арттырудың маңыздылығын ескерте отырып, мұғалiмдерге еңбектерi үшiн алғысын бiлдiрдi.

«Ауыл Ел-бесiгi» бағдарламасын жүзеге асырудың арқасында ҚР Тұңғыш Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес бұл мектепке күрделi жөндеу жасалады. Бiз сiздерге еңбек ету үшiн барлық жағдайларды жасауға тырысамыз, ал сiздердiң мiндеттерiңiз — оқушыларға сапалы бiлiм беру», — дедi өңiр басшысы.

Жұмыс сапарының қортындысы бойынша Ермек Маржықпаев ауданды дамыту бойынша бiрқатар тапсырмалар бердi және Есiл ауданының азаматтарын жеке мәселелерi бойынша қабылдау жүргiздi. Келушiлер Бiзұлық — Алматы жолын жөндеу, Н.Әбдiров көшесiн жарықтандыру, Элеваторная көшесiнде балалар алаңын орнату мәселелерiн көтердi.

Сол күнi Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаевтың қатысуымен Есiл ауданының әкiмi Серiк Балжановтың халыққа есеп беру кездесуi өткiзiлдi. Аудан әкiмi өткен жылдың негiзгi әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштерiмен таныстырды.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнiмiнiң жиынтық көлем индексi 100,7% құрады, соның iшiнде өсiмдiк шаруашылығы — 100,2%, мал шаруашылығы — 103,2%. Өндiрiлген өнеркәсiп өнiмiнiң көлемi 2786,3 млн теңге құрады. Тiрi салмақтағы ет өндiрiсi 3 510,0 тонна (2018 жылдың сәйкес кезеңiне 102,0%), сүт — 15321,6 тонна (103,4%), жұмыртқа — 4476,0 мың дана (102,0 %) құрады.

Мал шаруашылығын дамытумен айналысатындарға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруға 240 млн. теңгеден астам субсидиялар төлеу түрiнде мемлекеттiк қолдау көрсетiлдi.

2019 жылы 3,5 млрд теңгеге 64 жоғары өнiмдi импорттық техника сатып алынды. (3 импорттық егiн егу кешенi, 16 трактор, 23 астық жинайтын комбайн, басқа да ауыл шаруашылығы жабдықтары — 22).

2019 жылы «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыруға 113,1 млн теңге бөлiндi. Өткен кезеңде жұмыспен қамту шараларымен 796 адам қамтылды, соның iшiнде әлеуметтiк жұмыс орындары мен жастар практикасына — 28 адам, қоғамдық жұмыстарға — 135 адам, қысқа мерзiмдi курстарға — 160 адам жiберiлдi, «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқуға 192 адам жiберiлдi, Бағдарламаның екiншi бағыты шеңберiнде 21 адам кредит алды.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберiнде есептiк жылы 5,2 млн теңге игерiлдi. Соның iшiнде екi маманға тұрғын үй сатып алуға 3,7 млн тенге бөлiндi және алты маманға 1,5 млн теңгеден көтерме жәрдемақы төлендi. 383 отбасына (1701 адам) жалпы соммасы 201,7 млн теңге атаулы әлеуметтiк көмек төлендi.

2020 жылға 4 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жолспарланған: деректердi өңдеу орталығының және құрама жем зауытының құрылысы, көкөнiс қоймасы мен пiшiнделген жайма дайындау цехының құрылысы.

Ақмола облысы әкiмiнiң
баспасөз қызметi

Құрылған күні: 03.02.2020
Қаралым саны: 2964
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус