Ермек Маржықпаев Атбасар ауданы әкімінің есеп беру кездесуіне қатысты

Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев жұмыс сапарының аясында Атбасар ауданында "Inter trade" ЖШС-да болды. Ұн тарту кәсiпорны тәулiгiне 150 тонна астық өңдейдi, жоғары, 1 және 2-сұрыпты бидай ұнын өндiрiп, 50 кг-дан 2 кг-ға дейiн өлшеп өткiзедi. Өнiм Қазақстанда ғана емес, Ресей Федерациясына, Қырғызстанға және Өзбекстанға жеткiзедi. 2019 жылы өндiрiстiк өнiм көлемi 707,1 млн.теңге сомасына 10,6 мың тоннаны құрады. Қазiргi уақытта, жылына 11 млн. жұмыртқа өнiмдiлiгiмен, iшкi нарықта өткiзу, сондай-ақ эскпорттау үшiн құс фабрикасының құрылысы жүргiзiлуде. Кәсiпорын макарон өнiмдерiн шығару бойынша цех ашуды жоспарлап отыр.

Компания басшысының кредит алуда көмек көрсету өтiнiшiне жауап ретiнде, өңiр басшысы «Бизнестiң жол картасы — 2020» бағдарламасының шеңберiнде 500 млн.теңге несие бөлу мүмкiндiгiн қарастыруды тапсырды.

Одан кейiн, Ермек Маржықпаев жуық арада жаңа балабақша ашылуы жоспарланып отырған ғимаратты қалпына келтiру жұмыстарының барысымен танысты. Жаңа әлеуметтiк объект МЖӘ аясында iске қосылады және қазақ тiлiнiң оқытылуымен 140 орынға есептелген. Ғимаратты реконструкциялауды аяқтау 2020 жылғы тамызға жоспарланды.

Бұл жерде облыс әкiмi барлық құрылыс жұмыстарын уақытында орындауды және аумақтарды абаттандыру қажеттiлiгiн атап өтiп, мектепке дейiнгi бiлiм беру мекемесiн Атбасар ауданының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында ашуды тапсырды.

Одан кейiн, өңiр басшысы «Локомотив» стадионының хоккей кортында болды. 1992 жылы салынған ғимарат күрделi жөндеудi қажет етуде. Қазiргi уақытта, күрделi жөндеу жүргiзуге қарастырлған қаражат шегiнде заманауи хоккей кортын салу бойынша аудандық мәслихат депутаттарының және спорт қауымдастығының ұсынысы қарастырылуда. 2020 жылы жаңа объектiнi тұрғызуға аудандық бюджеттен 70 млн.теңге бөлу жоспарлануда.

Ермек Маржықпаев депутаттардың ұсынысын қолдады және жаңа корттың құрылысын бастауға тапсырма бердi.

«Объектiнiң қазiргi жағдайын ескере отырып, бiз жаңасын салайық. Ескi кортты қалпына келтiру бiзге қымбатқа түседi. Одан қала бердi, мен атбасарлық команданың облыс бойынша алғашқы үштiкке кiретiнiн бiлемiн және бұл жерде хоккеймен шұғылдануға ниет бiлдiретiн балалар да жеткiлiктi», — деп атап өттi әкiм.

Сондай-ақ, Ермек Маржықпаев № 7 орта мектепте болды. ЖСҚ дайындалған соң, бұл жерде мектеп ғимаратының қасбетiне және шатырына 57 млн.теңге сомасына күрделi жөндеу жүргiзiлетiн болады. Қазiр мектепте 569 бала оқиды, ыстық тамақпен балалар 100% қамтылған.

Өңiр басшысы берiлiп отырған бiлiм сапасына қызығушылық танытты және мектептi тәртiпке келтiрудi тапсырды.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша, Ермек Маржықпаев Атбасар ауданын дамыту бойынша бiрқатар тапсырма бердi және жеке мәселелерi бойынша жергiлiктi азаматтарды қабылдады. Келушiлер жас мамандар үшiн тұрғын үй салу, Сепе ауылдық округiне жедел жәрдем көлiгiн сатып алуға, Степной ауылында жол құрылысына қатысты өтiнiш бiлдiрдi және Мәскеу қ. дейiн поезд қатынасын жандандыруды сұрайды.

Сол күнi, Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаевтың қатысуымен Атбасар ауданының әкiмi Серiк Қалжановтың есеп беру кездесуi өттi. Аудан әкiмi өткен жылғы негiзгi әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштер туралы ақпараттандырды.

Өнеркәсiп өнiмi өндiрiсiнiң көлемi 21 млрд. теңгенi құрады, ол 2018 жылғы деңгейге қарағанда 3,4% жоғары. Ауыл шаруашылығының жалпы өнiм көлемi 2019 жылы 37,4 млрд. теңгенi немесе 2018 жылғы деңгейге қарағанда 124% құрады. Астық және бұршақты дақылдардың жалпы түсiмi 390 мың га ауданында 435 мың тоннаны құрады, гектарынан орташа өнiмдiлiк — 11,1 центнер. Жыл сайын мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерге субсидия түрiнде қолдау көрсетiледi. 2019 жылы өсiмдiк шаруашылығы саласында 658 млн. теңге және мал шаруашылығы саласында 174 млн. теңге, сондай-ақ инвестициялық субсидия түрiнде шамамен 1 млрд.теңге бөлiндi. Барлығы 2,2 млрд.теңге төлендi.

2019 жылы 86 жұмыс орнының ашылуымен 321 млн.теңге жалпы сомасына 13 инвестициялық жоба iске асырылды.

Ағымдағы жылы шамамен 2 млрд.теңге жалпы сомасына 8 инвестициялық жобаны iске асыру жоспарлануда, оның iшiнде: IҚМ 400 мал басына мал бордақылау алаңының, сұлы жармасын өндiру бойынша фабриканың, 50 мың құс басына арналған және жылына 11,5 млн. жұмыртқа қуаттылығымен құс фабрикасының құрылысы.

Ауданда шамамен 2,5 мың шағын және орта бизнес субъектiлерi жұмыс iстейдi, онда шамамен 6,5 мың адам қамтылған. Бөлшек сауда көлемi 10,6 млрд.теңгенi құрады.

«Бизнестiң жол картасы — 2020» мемлекеттiк бағдарламасының шеңберiнде екiншi деңгейлi банктермен 283 млн.теңге сомасына 6 кредит берiлдi.

Соңғы жылдары ауданда құрылыс жоғарғы қарқынмен жүргiзiлуде. 12,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлдi. 130-дан астам отбасы жаңа пәтер алды.

Өткен жылғы бiрiншi тоқсанда бiз 2017 жылы су тасқынынан зардап шеккендердi көшiрудi толығымен аяқтадық, 495 пәтердiң кiлтi берiлдi.

Осы жылғы бiрiншi тоқсанда көп балалы отбасылар мен халықтың әлеуметтiк-осал топтары үшiн 90 пәтерге тағы екi тұрғын үй пайдалануға берiлетiн болады.

Атбасар ауданында өткен жылы 1 378 жаңа жұмыс орны ашылды. Жастар iс-тәжiрибесiне, әлеуметтiк жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға 300 адам жiберiлдi. Жалпы, өткен кезеңде тұрақты жұмыс орнына 1559 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды.

Қысқа мерзiмдi кәсiби оқытудан 244 адам, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқудан 172 қатысушы өттi, 10,4 млн.теңге сомасына 37 адам гранттық қаржыландыру алды.

Мал шаруашылығын дамытуға кредиттi 63,5 млн.теңге сомасына 20 адам алды.

«Жас кәсiпкер» жобасы бойынша гранттық қаржыландыруды 10,1 млн.теңге жалпы сомасына 20 адам алды.

2019 жылғы екiншi жарты жылдықта облыстық бюджет қаражатының есебiнен 4,5 млн.теңге жалпы сомасына 100 көп балалы отбасы және 146 бала жеңiлдiкпен жол жүрумен қамтамасыз етiлдi.

Атаулы әлеуметтiк көмек 338 млн.теңге сомасына 679 отбасыға, оның iшiнде 165 көп балалы отбасыға төлендi.

Бастау ауылында ауысымында 25 келушiнi қабылдайтын дәрiгерлiк амбулатория салынды (196 млн. теңге). Жаңа амбулатория шамамен 2,5 мың ауыл тұрғынына қызмет көрсететiн болады.

Биылғы жылы алғаш рет аудандық бюджетте 1 және 2-топ мүгедектерiне, сондай-ақ зейнетақысы аз зейнеткерлерге 2 АЕК сомасында бiржолғы төлем үшiн 9,7 млн.теңге сомасында қаражат қарастырылды.

Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер есебiнен Сочинское және Новосельское ауылдарында ФАП құрылысына ЖСҚ әзiрленуде.

Сондай-ақ, биыл аудандық бюджет есебiнен 29 млн.теңге жалпы сомасына онко және туберкулез ауруларына 15 АЕК-ден 20 АЕК-ге дейiн төлем ұлғайтылды.

2020 жыл аудан үшiн тарихи кезең, Атбасар қаласына 175 жыл толады. Тарихи күнге дайындалу шеңберiнде қала мен ауданда дайындық жұмыстары айқындалды.

Жалпы, iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу үшiн ұйымдастыру комитетi құрылды. Дайындалу тұжырымдамасы мектептер мен балабақшалардың, тұрғын үй ғимараттарының, аудандық кiтапхана мен мәдениет үйiнiң қасбеттерiн жөндеудi, хоккей кортының құрылысын және стелла, ескерткiштер, шағын сәулет нысандарын орнатуды қамтиды.

Гала мерекелеу 2020 жылғы 15 тамызда ауданда қалалық ипподромда өтедi, онда 25 киiз үй құрамында этно-ауыл ұйымдастырылатын болады. Сондай-ақ, ұлттық спорт түрлерiнен фестиваль, жетекшi ғалым-тарихшыларды шақырту арқылы республикалық ғылыми-практикалық конференция, инвестициялық форум және т.б. өткiзiледi.

 

Құрылған күні: 06.02.2020
Қаралым саны: 4059
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус