Ермек Маржықпаев реэкспозициядан кейін қайта ашылған Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде болды

Бүгiн Ермек Маржықпаев Ақмола облысы әкiмдiгiнiң қолдауымен реэкспозиция жасалған Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейiнде болды.

Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейi өңiрiмiздiң маңызды мәдени-бiлiм беру орталықтарының бiрi, сондай-ақ, облыстың мемлекеттiк және қоғамдық музейлерi үшiн ғылыми-әдiстемелiк орталық болып табылады. Бай қор жинағы жыл сайын жаңа коллекциялармен толықтырылып отырылады, және бүгiнгi таңда 83 000 экспонаттан аса құрайды.

Жаңа экспозиция бiздiң өлкемiздiң тарихы мен мәдениетiн ашып көрсетедi:

Табиғат залы, экожүйенi пайдаланып ландшафт әдiсiмен көрсетуге сәйкес әзiрленген;

«Табиғи тарих» залы Жердегi өмiрдiң даму кезеңдерiн, ежелгi дәуiрлерден бергi өсiмдiктер мен хайуанаттар туралы материалдарды көрсетедi;

«Ұлы дала мәдениетi» залы: «Археология», «Орта ғасыр», «Этнография», «Абылай хан» бөлiмдерi: қазақ халқын — көшпендiлер мәдениетiнiң ұлы өкiлдерi ретiнде көрсетедi, өйткенi дәл осы Ұлы дала әлемге жылқы өсiру мен салт жүру мәдениетiн сыйлаған, мұнда этностың өмiрi, оның шаруашылық, мәдени салт-дәстүрi, Қазақ тарихының алтын ғасыры — Абылайхан басқарған XVIII ғ. арналған өлкемiздiң ең үздiк археологиялық және этнографиялық жинақтары көрсетiлген;

«XIX ғасырдағы Ақмола өлкесiнiң тарихы» залы XIX ғасырдың әлеуметтiк-экономикалық және саяси өмiрiн, сондай-ақ Көкшетау және Ақмола қалаларының пайда болуын көрсетедi;

«XX ғасырдағы Ақмола облысының тарихы» залы Ақмола облысының тарихында орын алған XX ғасырдың жарқын, кейде драмалы тарихи оқиғаларына арналған, 2018 жылы ашылған және Тәуелсiз Қазақстанның қалыптасу тарихын, оның жетiстiктерi мен Қазақстанның дамуы жолындағы Тұңғыш Президенттiң кең ауқымды тарихи рөлiн көрсететiн «Елбасы және Тәуелсiздiк» қазiргi заман тарихы залы.

Жаңа инновациялық техногияларды қолданып жасалған экспозиция залдарында, экспонаттарды (сөрелер, диорамалар, инсталляциялар) дәстүрлi көрсетумен қатар, келушiлерге қолайлы болуы үшiн мониторлар, сенсорлық моноблоктар жұмыс iстейдi, сонымен қатар музейде алғаш рет QR кодтар орнатылған.

Өңiр басшысы барлық залдарды аралап шықты және жасалған реэкспозицияға оң баға бердi.

Ақмола облысы әкiмiнiң баспасөз қызметi

Құрылған күні: 11.01.2020
Қаралым саны: 250
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус