Ермек Маржықпаев мердігерлерге: «Өздеріңіз өздеріңізге өндірістік жұмыстар кестесін салып алғансыздар»

Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев өңiрде «Ауыл — Ел бесiгi» арнайы жобасы жүзеге асырылу барысын ерекше бақылауда ұстап отыр. Өңiр басшысы елдi мекендердiң инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымы мен әлеуметтiк объектiлерiн дамытуға бөлiнген қомақты мемлекеттiк қаржыны тиiмдi пайдалану қажеттiгiн әрдайым айтып отырады, сонымен қатар жергiлiк орындарына барып жұмыстардың қалай жүргiзiлiп жатқанын тексерiп тұрады.

Кеше Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен осы бағдарлама бойынша 1,3 млрд теңгеге үш жоба жүзеге асырылып жатқан Аршалы кентiнде болды. Өткен айда ғана облыс әкiмi дене шынықтыру-сауықтыру кешенiнiң құрылысы, №2 орта мектептiң күрделi жөндеуi, сондай-ақ көше-жол желiсiн жақсарту жұмыстарының басталуымен танысу үшiн аудан орталығында болған.

Бүгiнгi таңда мектепте терезе блоктары орнатылған, қасбетiнде жұмыстар жүргiзiлуде, инженерлiк желiлерi мен төбесi түгел ауыстырылады. Мектеп 1964 жылы салынған. Ендi мiне, 56 жылдан кейiн қайта жаңғырады. Күрделi жөндеу кезеңiне мектеп оқушылары Жұмабек Ташенов атындағы мектепке ауыстырылған. Екi мектептiң оқушыларын оқыту екi ауысымда ұйымдастырылған. Ермек Маржықпаев жұмыстарды тездетудi және суық түскенше жұмыстардың негiзгi түрлерiн ақтауды тапсырды.

Орталық көшелердiң 7 километрiнде асфальт төселiп, шұңқырлары тегiстелген, көше сызықтары салынып, автобус аялдамалары мен көше белгiлерi орнатылған. Облыс әкiмi келесi жылға кентте заманауи тратуарлардың құрылысын салуды жоспарлауды тапсырды.

Өңiр басшысының дене шынықтыру-сауықтыру кешенi құрылысының баяу қарқынына көңiлi толмады. «Өздерiңiз өздерiңiзге өндiрiстiк жұмыстар кестесiн салып алғансыздар. Тездету керек және ауа райын байқап отыру керек», — дедi ол.

Сонымен қатар, Ермек Маржықпаев қазiрдiң өзiнде көпқабатты үйлер қосылған жаңа қазандықты қарап шықты.

Құрылған күні: 27.09.2019
Қаралым саны: 423
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус