Кеше Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласында салынып жатқан бірқатар тұрғын үй және әлеуметтік нысандарды аралап көріп, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты

Облыс әкiмi, алдымен Көкшетаудағы №6 мектеп-лицейiнiң жанынан салынып жатқан қосымша ғимараттың құрылыс алаңында болды. Ғимарат үш қабаттан тұратын болады. Қазiргi таңда екiншi қабатының кiрпiштерi қалануда. Құрылысты жүргiзiп жатқан мердiгер компания «ДЕЛО ФБК» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң өкiлдерi ғимаратты келесi жылдың қыркүйегiнде тапсырамыз деп отыр. Жобаның жалпы құны 716 миллион теңге. Осы уақытқа дейiн қаражаттың жартысы игерiлген екен. Құрылыс алаңын аралап көрген облыс әкiмi мердiгер компания өкiлдерiне құрылыс жұмыстарын белгiленген кестеге сай, әрi сапалы орындауды тапсырды.

Бүгiнгi таңда аталған бiлiм ошағында 1635 оқушы үш ауысымда оқытылуда. Ескi мектеп ғимараты 1973 жылы тұрғызылыпты. Ендi жаңадан салынып жатқан 300 орындық қосымша ғимарат мектептегi үш ауысымдық мәселесiн шешедi деп отыр мектеп директоры Айшолпан Самбаева. Жаңа ғимаратта бастауыш сыныптар оқытылатын болады.

Осы күнi Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетiнiң жанынан салынып жатқан студенттерге арналған жатақхана да келер жылы жазда пайдалануға берiледi. Қазiр жетi қабаттан тұратын бұл ғимараттың жоғары қабатының кiрпiштерi қалануда. Төбесi жабылғаннан кейiн жылу берiлiп, iшкi әрлеу жұмыстары басталады. Сонымен қатар, оқу орны 2020 жылдың көктемiнде Студенттер сарайының құрылысын бастамақшы.

Аталған университет ректоры Мәди Елубаев облыс әкiмi Ермек Маржықпаевқа сарайдың бас жоспарын таныстырып, жоғары оқу орнының алдағы жоспарлары, бiлiм саласындағы жетiстiктерi жайлы да айтып өттi. Бүгiнгi таңда мұнда үш мыңға жуық студент бiлiм алуда. Олардың көбiсi қалада пәтер жалдап тұрып жатыр. Келер жылы жатақхана пайдалануға берiлсе, бұл сұраныс толығымен қамтылады дедi ректор. Облыс әкiмi жатақханалар құрылысы Елбасының бес әлеуметтiк бастамасынан туындаған маңызды мiндет екенiн, мемлекет тарапынан осы мәселеге зор көңiл бөлiнiп отырғанын айтты.

Бұл күнi облыс әкiмi Сары-арқа ықшам ауданында салынып жатқан көппәтерлi тұрғын үйлердiң құрылыс алаңында да болып, мердiгер компания өкiлдерiмен сөйлестi. Қазiргi таңда мұнда көппәтерлi он екi тұрғын үй салынуда. Екi 40 пәтерлi тұрғын үйден жиырма пәтер көпбалалы отбасыларына берiледi деп жоспарланып отыр. Пәтерлер несиеге және арендалық баспана ретiнде үлестiрiледi. Облыс әкiмi жылдар бойы кезекте тұрған азаматтар, әсiресе көпбалалы отбасылар баспаналы болуды асыға күтiп отырғандарын айтып, құрылысты кешiктiрмей, уақытында тапсыруды, сондай-ақ, тұрғын үйлерге газ құбырлары тартылып, лифтi жұмыс iстеп тұруын қатаң ескерттi. Мердiгер компания өкiлдерiн келе жатқан Жаңа жыл мерекесiмен құттықтап, жұмыстарына сәттiлiк тiледi.

Қаланы аралау барысында Ермек Маржықпаев Қазақстан мен Ресей арасындағы өңiраралық ынтымақтастық форумын өткiзу аясында қалада салынып жатқан «Болашақ сарайына» да ат басын бұрып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты

Құрылған күні: 27.12.2019
Қаралым саны: 405
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус