Ермек Маржықпаев: «Ауылда адамдардың өмір сүруі мен жұмыс істеуі үшін қолайлы болуы керек»

Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев Целиноград ауданына жұмыс сапары барысында, аудан әкiмдiгiне Нұр-Сұлтан қаласынан шығаберiсте жергiлiктi тұрғындар өз өнiмдерiн рұхсатсыз сауда жүргiзу әдiстерiн қолданбай сатуы үшiн коммуналдық рынок ашу мiндетiн жүктедi.

Целиноград ауданының ең шалғай елдi мекенi — Мәншүк ауылында облыс әкiмi «Маншук-АЭ» ЖШС егiстiк алқаптарында өңiрдiң iрi тауар өндiрушiлерiмен кездестi, онда егiн орағы науқанының барысы мен еттiк мал шаруашылығын дамыту мәселелерi талқыланды.

«Родина» агрофирмасы» ЖШС басшысы Иван Сауэр және «Маншук-АЭ» ЖШС директоры Тимур Пiшенов астықтың сапасы жақсы, ал Целиноград ауданында егiннiң өнiмдiлiгi жақсы жылдардағыдан аз болса да жалпы жаман емес екенiн баяндады.

Тимур Пiшеновтiң шаруашылығында 50 мың га егiстiк жер және 1000 бас МIҚМ бар. Мұнда топырақ өңдеудiң «No Till» нөлдiк технологиясы қолданылады. Биыл бидайдың өнiмдiлiгi орта есеппен гектарынан 11,3, арпа — 14,8 центнер құрады. 2011 жылдан бастап кәсiпорынды дамытуға 4 млрд теңгеге жуық қаржы салынды.

«Маншук-АЭ» ЖШС қаржысына салынған жаңа дүкенде сөрелердегi молшылыққа қарамастан облыс әкiмi келесi жылы шаруашылық «Родина» ЖШС үлгiсiмен жұмыс iстеуiне және өзiнiң азық-түлiк өнiмдерiн жергiлiктi тұрғындар үшiн жеңiлдiкпен сатуына тiлектестiк бiлдiрдi.

«Маншук-АЭ» ЖШС балабақша ғимаратын реконструкциялады, ол жылу жүйесiн iске қосып, жиһаздарын орнатқаннан кейiн пайдалануға берiледi. Кәсiпорын өз жұмысшыларына жаңа үйлер салып жатыр, жақсы еңбекақымен қамтамасыз етедi — орташа еңбекақы айына 180 мың теңге құрайды.

Облыс әкiмi орта мектепте болып, онда педагогикалық ұжыммен кездестi. Сонымен қатар, Ермек Маржықпаев көше спорт алаңын және осы елдi мекенде «ВI Group Construction» холдингi бақылау кеңесiнiң төрағасы Бауыржан Исабаевтың инвестициясы арқасында салынған әлеуметтiк сала қызметкерлерiне арналған жатақхананы қарап шықты.

Өңiр басшысы Ермек Маржықпаев «Бизнесмендердiң туған ауылын дамыту, тұрғындарға қамқорлық жасау бойынша бастамалары қызметкерлерi үшiн жақсы әлеуметтiк пакет  — бұл өте маңызды. Ауылда адамдардың өмiр сүруi мен жұмыс iстеуiне қолайлы болуы үшiн бұдан әрi де барлығын жасауымыз керек», дедi.

Құрылған күні: 30.09.2019
Қаралым саны: 334
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус