Құрметті соғыс және еңбек ардагерлері!

Мiне, 30 жылдан берi 1 қазанда ардагер қарияларымызды әспеттеу дәстүрi жалғасын тауып келедi. Бұл күндi 1990 жылы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Халықаралық қарттар күнi деп бекiткен болатын.

Бұл мереке әрбiр отбасын аға ұрпақ өкiлдерiнiң еңбектегi және Отан қорғаудағы ерлiктерiн құрмет тұтып, тағзым етуге үндейтiн, ұрпақтар сабақтастығының, замана байланысының рәмiзi iспеттi. Ол бiздiң халқымыздың балаларын үлкендi сыйлауға тәрбиелейтiн ұлттық рухымен де үндесiп жатыр.

Сiздер өмiрдiң көп ауыртпалықтарын бастан өткердiңiздер — Отан үшiн от кешiп, тылда уақытпен санаспай еңбек еттiңiздер, тәуелсiз Қазақстан мемлекетiн құруға атсалыстыңыздар. Туған өлкенi дамытуға қосқан сүбелi үлестерiңiз үшiн айтар алғысымыз шексiз, ал жастарға берiп жатқан өнегелi тәрбиелерiңiз өз алдына бiр төбе.

Балаларыңыздың сiздерге деген сүйiспеншiлiгi мен қамқорлығын, немерелерiңiздiң балдай тәттi күлкiсiн естiп ұзақ өмiр сүре берiңiздер! Шын жүректен Сiздерге мықты денсаулық, көтерiңкi көңiл күй, белсендi өмiр және береке-бақыт тiлеймiн!

Iзгi ниетпен,
Ақмола облысының әкiмi
Ермек Маржықпаев

Құрылған күні: 01.10.2019
Қаралым саны: 308
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус