Аппараттық кеңес

Облыс әкiмi Ермек Маржықпаевтың төрағалық етуiмен аппараттық кеңес өттi, онда «Бизнестiң жол картасы — 2020» бизнестi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асырудың қорытындылары мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы қызметiнiң 2019 жылғы нәтижелерi талқыланды.

Облыстық кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасының басшысы Ербол Оспановтың айтуы бойынша 2019 жылы бағдарламаны жүзеге асыруға 2,1 млрд.теңге бөлiнiп, толығымен игерiлдi. Қолдану мерзiмiнде (2010-2019 жылдар) бiздiң облысымызда 144,7 млрд.теңге жалпы құнымен 1293 жоба мақұлданды. Қолдаудың барлық түрлерiнiң iшiнен айтарлықтай танымалы пайыздық ставканы субсидиялау, ол шамамен барлық жобалардың 70% құрайды. 10 жыл iшiнде бағдарламаның шеңберiнде 15,7 млрд.теңге игерiлдi.

Ағымдағы жылы «БЖК — 2020» бағдарламасының «заңды мұрагерi» — «Бизнестiң жол картасы — 2025». 2025 жылға қарай бағдарламаға сәйкес жалпы есептiк көрсеткiштегi ШОБ үлесiн кем дегенде 33,8% жеткiзу қажет.

«Бүгiнгi таңда, республикалық бюджеттен инфрақұрылымды дамытуға қаражат сомасы 100 миллионнан 50 млн.теңге дейiн қысқартылды. Инвестжобаларға қатысты да бюджеттiң екi есеге қысқарғаны байқалуда» — дедi Ербол Оспанов.

Баяндалғанды назарға ала отырып, облыс әкiмi кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасына, аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкiмдерiне, Ақмола облысы кәсiпкерлерiнiң палатасына, «Даму» кәсiпкерлiктi дамыту қоры» АҚ өңiрлiк филиалына кәсiпкерлердiң арасында «БЖК-2025» бағдарламасының тиiмдiлiгi мен мүмкiншiлiктерi туралы кең ауқымды түсiндiру жұмысын жүргiзудi, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен, «Даму» өңiрлiк филиалымен бiрлесiп, қаражаттың уақытында игерiлуiн қамтамасыз етудi тапсырды.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсет Бөкiбаевтың мәлiметi бойынша, он тоғыз өңiрдiң iшiнен сегiзiнде бұқаралық спортқа 30% астам тұрғындар тартылған, спорт имараттарының торабын кеңейту нәтижесiнде спортпен шұғылданатындардың саны жыл сайын көбейiп келедi. 2019 жылы олардың саны 36 данаға ұлғайып, 2444 құрады.

Ағымдағы жылы дене шынықтыру және спорт басқармасының алдына бiрнеше мiндет қойылды. Атап айтқанда: дене шынықтырумен және спортпен жүйелi шұғылданатын ақмолалықтарды қамтуды ұлғайту, Ерейментау, Бiржан сал және Аршалы аудандарында ДШСК құрылыстарын аяқтау, заманауи спорт алаңдарының торабын кеңейту, сондай-ақ, спортшыларымызбен жазғы Олимпиада және Паралимпияда ойындарына қатысуға лицензия жеңiп алу.

Сонымен қатар, тағы үш ауданда дене шынықтыру-сауықтыру кешендерiнiң құрылысына ЖСҚ әзiрлендi. Саланы қаржыландыру 2019 жылы 8,1 млрд.теңгенi құрады, ол 2018 жылғы бюджетпен салыстырғанда 1,2 млрд.теңгеге көп.

«Бұқаралық спортты дамыту ақмолалықтардың өмiр сүру сапасына тiкелей ықпал етедi. 2019 жылы өңiрде спортпен шұғылданушылардың саны 220 мыңға жеттi. Ол халықтың 29,8 пайызы», — деп атап өтi Әсет Бөкiбаев.

Дегенмен де, облыс әкiмi Ермек Маржықпаев кәсiби спортшылардың жетiстiктерiне алаңдаушылық бiлдiрдi.

«Соңғы Олимпиадаға бiрде-бiр ақмолалықтың лицензия алмағаны өкiнiштi», — деп атап өттi өңiр басшысы.

Халықаралық Токио жарыстарына қатысу мүмкiндiгi бес спортшымызда бар. Барлығы төрт жүзден астам ақмолалықтар республикалық жиындарға қатысып келедi және жақсы нәтижелер көрсетуде.

Құрылған күні: 02.03.2020
Қаралым саны: 1621
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус