Ақмола облысының активі Ел Президентінің Жолдауын жүзеге асыру бойынша жұмыстың негізгі бағыттарын анықтады

Бүгiн Көкшетауда Ел Президентi Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуiнiң негiзi» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша облыстың кеңейтiлген активi өттi.

Актив жұмысын аша отырып, облыс әкiмi Ермек Маржықпаев Жолдаудың негiзгi бағыттарына тоқталды, олардың әрқайсысы аясында өңiрде жоспарланған жұмыстар туралы айтып өттi.

«Президент ұсынған «Халық үнiне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы билiк пен қоғамның сындарлы диалогын құрудың негiзi болып табылады. Осы тұрғыда бiз елiмiзде алғашқы болып аудандар мен Көкшетау, Степногорск қалалары әкiмдiктерiнiң, облыстық басқарма басшыларының ресми аккаунттарын құрдық. Мемлекеттiк органдар халықпен өзара iс-қимылды күшейту бойынша бiрқатар шаралар қабылданды. Атап айтқанда: азаматтарды жеке қабылдау, есептiк кездесулер өткiзiледi, «электрондық үкiмет» порталы, блог-платформалар жұмыс iстейдi, қоғамдық кеңестер құрылды. Сонымен қатар, жергiлiктi атарушы органдар әлеуметтiк желiлерде түрлi медиа-форматтарды белсендi пайдалануы тиiс», — деп атап өттi облыс әкiмi.

Актив барысында азаматтардың өтiнiштерiн қарау сапасын бақылауды күшейту, «қарапайым заттар экономикасын», өңдеу өндiрiсiн, шағын және орта бизнестi дамыту, жер ресурстарын тимдi пайдалану, отбасы мен балалық шақ институтын қолдау, сондай-ақ әлеуметтiк жаңғырту мәселелерi қызу талқыланды.

«Ақмола облысының Азаматтық Альянсы» қауымдастығы» ЗТБ төрайымы Ирина Терентьева өз сөзiнде билiк пен азаматтық сектор арасында диалог құрудың жаңа тәсiлдерiн ұсынды.

- Азаматтық Альянс «Бiрге шешемiз» принципi бойынша өзектi мiндеттердi бiрге шешу үшiн барлық жастар топтары мен әлеуметтiк құрылымдарды тарта отырып, мемлекет пен қоғам арасындағы көпiр ретiнде әрекет етуге дайын, бұл өз өмiрi үшiн жауапкершiлiктi дамытуға және масылдық пиғылды төмендетуге мүмкiндiк бередi, — дедi қауымдастықтың облыстық филиалының көшбасшысы.

«Тыныс» АҚ бастауыш партия ұйымының төрағасы Данияр Ташеновтiң мемлекет тарапынан көп балалы отбасыларды қолдаудың әлеуметтiк шаралары туралы баяндамасы белсендi қатуысшылардың қызығушылығын тудырды.

Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған және Президенттiң жаңа Жолдауында көрiнiс тапқан «Бақытты отбасы» бағдарламасының арқасында мен осы бағдарламаға қатыса алдым және жаңа пәтердiң иесi болдым, — деп төрт баланың әкесi өз қуанышымен бөлiстi.

Iс-шара соңында облыс әкiмi мемлекеттiк органдар басшыларының алдына Жолдаудың негiзгi бағыттарын жүзеге асыру бойынша нақты мiндеттер қойды.

   

 

Құрылған күні: 05.09.2019
Қаралым саны: 403
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус