Ақмолалық полициялар 2019 жылғы жұмысын қорытындылады

Бүгiн Полиция департаментiнде өңiр басшысы Ермека Маржықпаевтың қатысуымен кеңейтiлген кеңес өткiзiлдi. Полиция ведомствосының өткен жылғы қызметi туралы Полиция департаментiнiң бастығы Арманбек Баймұрзин баяндады.

Баяндамада қоғамдық тәртiптi сақтау және жол қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша қолданылып жатқан шаралар туралы ақпарат берiлдi. Көкшетау қаласындағы барлық деректер базаларына қол жеткiзу үшiн компьтерлiк техникамен жабдықталған 6 стационарлық полиция бекетiнiң арқасында, оқиға туралы шұғыл дабыл немесе азаматтардың стационарлық бекетке өтiнiшi түскен кезде, полицей жедел түрде ол туралы барлық нарядтарға хабарлайды. Осылайша, көшедегi қылмыстар деңгейi 21,4 % төмендедi.

Кең тараған мүлiктiк қылмыстардың бiрi ретiнде полицейлер пәтер тонау мен мал ұрлығын атады. Сонымен қатар, браконьерлiкке қарсы күрес, жасөспiрiмдер қылмысының алдын алу, қылмыстық iстердi тергеу, есiрткi қылмысына қарсы iс-қимыл шаралары туралы айтылды. Жедел кеңестiң шеңберiнде қарастырылған маңызды мәселелердiң бiрi сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл, жеке құрамның тәртiп пен заңдылықты сақтауы мәселелерi болып табылады.

Облыс әкiмi Ермек Маржықпаев ақмолалық полицейлердiң алдына қауiпсiздiктi нығайтуға және құқықтық тәртiптi қамтамасыз етуге бағытталған нақты мiндеттер қойды, сондай-ақ ол ведомство қызметiнiң ашықтығы мен жариялылығына, полиция жұмысына халықтың сенiмiн арттыруға баса назар аудартты.

Өңiр басшысы участкелiк полиция инспекторларын құқық бұзушылықтың алдын алуды бiрлесiп жүргiзуге, аумақтарды абаттандыру мәселелерiн бiрлесiп шешуге, сонымен қатар, әсiресе қысқы кезеңде жол көлiк оқиғалары мен мал ұрлығына жол бермеу мәселелерiн ерекше бақылауда ұстауға шақырды.

«Ағымдағы жылы полиция ведомствосының қажеттiлiктерiне 7 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлiнедi. Бұл облыс орталығында, сондай-ақ Щучинск-Бурабай және Зерендi курорттық аймақтарының аумақтарында бейнебақылау жүйесiн кеңейтуге, қосымша стационарлық полиция бекеттерiн орнатуға, полиция қызметкерлерiн планшеттермен, бейнетiркегiштермен, қызметтiк автокөлiктермен жарақтандыруды 100%-ға дейiн жеткiзуге мүмкiндiк бередi.

Өткен жылы сiздер көп жұмыстар атқардыңыздар, Мемлекет Басшысы мен Iшкi iстер министрiнiң тапсырмалары толық орындалды. Басталған 2020 жыл одан да нәтижелi болуы үшiн бар күштерiңiздi жұмсауларыңыз керек», — дедi өңiр басшысы.

Кеңестi қорытындылай келе, облыс әкiмi Есiл, Ерейментау, Целиноград және Ақкөл аудандық полиция басқармаларының бастықтарына Құрмет грамоталарын тапсырды.

Ақмола облысы әкiмiнiң баспасөз қызметi

Құрылған күні: 10.01.2020
Қаралым саны: 248
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус