Ақмола облысының әкімі елорданың еңбек ардагерлерімен кездесті

Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев қарт адамдарды қолдау айлығының аясында Нұр-Сұлтан қаласында өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына үлес қосқан аға буын өкiлдерiмен дәстүрлi кездесу өткiздi.

Iс-шараға қазiргi уақытта елордада тұратын және белсендi қоғамдық қызметтi жалғастырып жүрген еңбек ардагерлерi қатысты. Олардың iшiнде, бұрынғы бiлiм министрi Қожахмет Балахметов, Социалистік Еңбек Ері Сағила Есенжолова, Ақмола облысының бұрынғы әкiмдерi Сергей Кулагин мен Владимир Гартман, Қазақстан Коммунистiк партиясы облыстық комитетiнiң бұрынғы хатшысы Қасым Тәукенов, Ақмола облысы әкiмiнiң бұрынғы орынбасары, ҚР Парламентi Сенатының бұрынғы депутаты Светлана Жалмағамбетова және басқалары бар.

«Сiздiң еңбектерiңiздiң нәтижесiнде бiздiң рухани және метариалдық байлығымыз қалыптасты, өнеркәсiп, ауыл шаруашылығы, ғылым дамыды, елорда салынды. Алайда, сiздер бiзге қалдырған парасаттылық пен баға жетпес өмiрлiк тәжiрибе, ең басты мұра болып саналады.

Сiздер Елбасымен бiрге бiздiң мемлекетiмiздi көтерiп, құрдыңыздар. Тәуелсiз Қазақстанның iргесiн қалаушылар сiздер ерен еңбектiң, туған жерге деген сүйiспеншiлiктiң, нақтылы патриоттың үлгiсi. Бiздiң облысымыз, республикамыз бүгiнгi күнi мақтан ететiн жетiстiгiмiз сiздердiң қолдарыңызбен салынды», — деп атап өттi Ермек Маржықпаев өзiнiң құттықтау сөзiнде.

Құрылған күні: 21.10.2019
Қаралым саны: 397
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус