Ақмола облысының әкімі волейбол федерациясының өкілдерімен кездесті

Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев облыстық волейбол федерациясының өкiлдерiмен және «Ұшқын — Көкшетау» кәсiби волейбол командасының жаттықтырушыларымен кездестi.

Кездесуде өңiр басшысы облыстық волейбол федерацияның президентi М. Сырлыбаевты және «Ұшқын — Көкшетау» командасының бас бапкерi В.Осиповтi жаңа лауазымға тағайындалуларымен құттықтады. Айта кетейiк, соңғысы Украинадан шақырылды, онда ол ел құрамасы мен «Днепр» командасын жаттықтырған.

Ермек Маржықпаев өңiр халқының саны аз болғанымен бүгiнгi таңда 10 спорттық мектепте 500-ге жуық бала жаттығып жүргiнен айтып, негiзгi құрамда ойнауы үшiн жасөспiрiмдердi селекциялық iрiктеудi жүргiзу қажеттiгiне назар аударды.

Жаңа бапкердi жылы қарсы алып, Ермек Маржықпаев жаңа тәлiмгердiң келуiмен бiздiң спортшылар жаңа жеңiстерге жететiне сенiм бiлдiрдi. Ол өңiрiмiзде соңғы жылдары алғаш рет кәсiби команда құрылғанын айтып, В.Осиповтен команда жайлы өз пiкiрiн бiлдiрудi сұрады.

«Команда бәсекеге қабiлеттi және мықты. Маған жiгiттер әр ойын сайын соңына дейiн ойнайтыны ұнады. Команданың бүгiнгi нәтижелерi сенiм ұялатады, бiз оның Жоғарғы лигадағы бiрiншi орыннан Ұлттық лигаға өтуiн қалаймыз».- дедi Осипов.

Өңiр басшысы бюджеттен спортты дамыту үшiн қомақты ақшалай қаржы бөлiнгенiн, оларды ұтымды пайдалану керектiгiн айта келе, қажет болған жағдайда қосымша қаржы бөлу мүмкiндiгiн қарастыруға дайындығын бiлдiрдi.

«Команданың кайдайда бiр мәселе бойынша тұрақсыздығы болған жағдайда оның көңiл-күйi мен рухына керi әсер етедi. Бiздiң басты мiндетiмiз команданы қолдап отыру, оның тамақтануын қадағалау, команданы барлық жағынан қамтамасыз ету, сонда спортшыларымыз жетiстiктерге жетедi.

ҚР волейболдан жоғары лига командалары арасындағы 28-чемпионатының қорытынды бесiншi турын Көкшетауда өткiзудi ұсынайық. Ол Ақмола облысында волейболды кеңiнен танытуға елеулi үлес қосады. Командамызға дұрыс көзқарас ұстанып, ойынды ұйымдастыра бiлсек спорттың бұл түрi көп кешiкпей футбол мен хоккей сияқты сүйiктi ойынға айналатынына сенiмдiмiн. Ойынның негiзiн тек бапкер ғана көрiп бiлетiнiн және ойынның нәтижесi үшiн жауап беретiнi ұмытпайық, сондықтан оған спортшылармен қалай жұмыс iстеу керектiгi туралы ешкiмде нұсқау бермейдi.». — дедi әкiм.

Өңiр басшысы облыстық волейбол федерациясының президентiне аудандық спорт мектептерiндегi ағымдағы жағдаймен танысуды және орын алып отырған проблемаларды анықтауды ұсынды.

Естерiңiзге сала кетейiк, «Ұшқын — Көкшетау» волейбол командасы 2019 жылы құрылған. Бүгiнгi таңда ақмолалық волейболшылар ҚР Ерлер командалары арасындағы Жоғарғы лига чемпионатының екi турының қорытындысы бойынша көш бастап келедi.

Құрылған күні: 23.01.2020
Қаралым саны: 4544
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус