АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРМЕН КЕЗДЕСТІ

Облыс әкiмi Ермек Маржықпаев «Отрада» компаниясы тобының бас директоры Патрик Хоффманмен кездестi. Тараптар АӨК саласындағы ынтымақтастықтың мүмкiндiктерiн талқылады.

Он жылдан астам уақыт бойы Ресейдiң Липецк облысында iрi жоба — еуропалық деңгейдегi шошқа кешенiн iске асырған «Отрада» компаниясы Қазақстанда АӨК инвестициялау мүмкiндiгiн қарастыруда. Уағдаластыққа қол жеткiзiлген жағдайда, франция тарапы келесi жылдан бастап Ақмола облысында осыған ұқсас кешендi салуға дайын.

Өңiр басшысы облыс инвестициялауға ашық. Сонымен қатар, инвесторлар бiрқатар мемлекеттiк артықшылықтарға ие болады, өзiнiң бизнес-жобаларын iске асырған жағдайда, құрылысы жүргiзiлетiн объектiлер инфрақұрылыммен қамтамасыз етiледi.

Құрылған күні: 25.10.2019
Қаралым саны: 295
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус