Ақмола облысының әкімі Сәкен Сейфуллиннің мерейтойына дайындықтың барысымен танысты

Ақмола облысы атақты ақын және қоғам қайраткерi Сәкен Сейфуллиннiң 125 жылдығын атап өтуге дайындалуда. Оның тұлғасы ел тарихында ерекше орын алады, сондықтан мерейтой Қазақстанның барлық аймақтарында тойланады. Бүгiн өңiр басшысы Ермек Маржықпаев Сәкен Сейфуллиннiң мерейтойына дайындалуға жауапты ұйымдастыру комитетiнiң мүшелерiн қабылдады.

Келесi аптада облыс орталығында Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнiң базасында ғылыми-практикалық конференция өткiзiледi. Ұйымдастырушылар атақты ғалымдарды және Сәкен Сейфуллиннiң туыстарын шақырады. Сонымен қатар, ақындар арасында «Мүшайра» облыстық конкурсын және басқа да бұқаралық iс-шаралар өткiзу жоспарланып отыр.

Құрылған күні: 10.10.2019
Қаралым саны: 197
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус