Көкшетауда қарттарға құрмет көрсетілді

Қазан айының бас кезiнде бiздiң елiмiзде аға буын өкiлдерi құрметтеледi. Ақмола облысы да бұл дәстүрден ауытқыған жоқ.

Бүгiн «Көкшетау» мәдениет үйiнде жайдарлы көңiл-күйде осы мерекеге арналған салтанатты iс-шара өттi. Бағдарламаның құрметтi қонақтары 600-ден астам адам — соғыс және еңбек ардагерлерi, тыл еңбеккерлерi, зейнеткерлер, қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi болды.

Облыс әкiмi Ермек Маржықпаев ардагерлер мен зейнеткерлерге алғыс бiлдiрдi.

«Сiздер — Тәуелсiз Қазақстан халқына еңбек және жауынгерлiк ерлiктiң, туған жерге деген сүйiспеншiлiктiң, шынайы патриотизмнiң көптеген мысалдарын сыйлаған аға буынсыздар. Сiздер ел болашағы мен мемлекетiмiздiң халқының әл-ауқаты үшiн жұмыс атқардыңыздар. Бүгiнде облысымыз бен республикамыз мақтан тұтып, алғаш рет пайда болған дүниелер сiздердiң қолыңызбен жасалды, — деп өз сөзiнде аймақ басшысы айтып өттi.

Өз сөзiнде облыс әкiмi үлкен жастағы адамдарды әлеуметтiк қолдау бойынша қабылданып жатқан жүйелi шаралар туралы хабардар еттi. Бүгiнгi күнi өңiрде қарт азаматтар 5 мың адам қамтылып отырған арнайы әлеуметтiк қызметтермен қамтамасыз етiлуде.

Сонымен қатар, осы айлық барысында жергiлiктi бюджеттен 7 мыңнан астам адамға төлем жасалады және шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаражаты есебiнен аға буынға 200 млн.теңгеден астам материалдық көмек көрсетiледi.

Облыс әкiмiнiң алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтармен 21 ардагер марапатталды. Оның iшiнде 89 жастағы ақсақал Жолдыбай Балтабеков, әлi күнге дейiн аймақтың қоғамдық өмiрiне белсене қатысып келедi.

Марапталғандардың арасында Қаламқас Мұхамедина да бар. Бұл кiсi өзiнiң кәсiби мерекесi — Ұстаздар күнiн де жақын арада атап өтпекшi.

«Мен бiлiм беру жүйесiнде 40 жылдан астам қызмет атқардым. Еңбек жолымды Қорғалжын ауданының орта мектебiнде бастап, содан кейiн Шортанды кентiнiң № 2 орта мектебiнде жұмыс iстедiм және сол жерден еңбек демалысына шықтым. Бүгiнде менiң оқушыларым экономиканың барлық саласында еңбек етiп, аймағымыздың, елiмiздiң дамуына үлес қосуда. Мен оларды мақтан тұтамын", — деп атап өттi педагогикалық еңбек ардагерi.

Облыстың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелiк бағдарлама ерекше, музыкалық әшекейге айналды. Ал жалпы суретке түсу қарттарымыздың бай өмiрбаянындағы тағы бiр естелiк болады.

Айта кетерлiгi, облыста ҰОС ардагерлерi мен мүгедектерi коммуналдық қызмет төлемiнен толықтай босатылған. Ағымдағы жылы бұрынғы кәмелетке толмаған концлагерлердiң тұтқындарына, қаза тапқан жауынгерлердiң отбасыларына, қайтыс болған ҰОС мүгедектерi мен қатысушыларының әйелдерiне коммуналдық қызметтердi төлеуге, ҰОС қатысушыларына, мүгедектерiне және оларға теңестiрiлген тұлғаларға госпитальға жол жүруге өтемақы, сондай-ақ қуғын-сүргiнге ұшыраған азаматтарға алдын ала әлеуметтiк төлем төлендi.

Құрылған күні: 04.10.2019
Қаралым саны: 288
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус