Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев 85 пәтердің кілтін тапсырды

Бүгiн Көкшетауда өңiр басшысы Ермек Маржықпаев Нұрсұлтан Назарбаев бастама жасаған «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберiнде қала және облыс тұрғындарына салтанатты түрде 85 пәтердiң кiлтiн тапсырды.

Облыс әкiмi жаңа баспана иелерiн қоныс тойымен және жаңа жылмен құттықтады.

«Тәуелсiздiк жылдары Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың басшылығымен халықтың әл-ауқатын жақсарту үшiн көп жұмыстар тындырылды.

Елiмiздiң қазiргi Президентi Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың саясаты осы мiндеттердi бұдан әрi алға жылжытуға бағытталған.

Мемлекет Басшысының Жолдауын жүзеге асыру аясында бүгiнгi таңда мемлекеттiк саясаттың ең басты бағыттарының бiрi Қазақстанның әрбiр отбасын пәтермен немесе үймен қамтамасыз ету, әсiресе халықтың әлеуметтiк осал топтары үшiн тұрғын үйдiң қол жетiмдiлiгiн арттыру болып табылады.

Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшiн елiмiзде қазақстандықтардың барлық санаттары үшiн қол жетiмдi «Нұрлы Жер», «7-20-25», «Баспана», «Бақытты отбасы» бағдарламалары жұмыс iстейдi», — дедi өз сөзiнде облыс әкiмi.

Өңiр басшысы Ақмола облысында тұрғын үй құрылысы саласында көп жұмыстар жүргiзiлгенiне және жоғары көрсеткiштерге қол жеткiзiлгенiне назар аудартты.

«Соңғы үш жылда бюджеттiк және жеке меншiк инвестициялар есебiнен өңiрде 131 үй немесе 13 мыңнан аса пәтер салынды. Көкшетау қаласы бойынша ғана 70-ке жуық көппәтерлi тұрғын үй салынды. Ол — үш мыңнан аса пәтер.

Жыл басынан берi «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында облыс орталығының 200-ге жуық отбасы жаңа тұрғын үйдiң бақытты иегерлерi атанды. Бүгiн тағы 85 отбасы қоныс тойын тойлайды», — дедi Ермек Маржықпаев.

Ақмола облысы әкiмiнiң баспасөз қызметi

Құрылған күні: 30.12.2019
Қаралым саны: 354
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус