Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы магистратураның 10 бағдарламасының бірі немесе докторантураның 3 бағдарламасы бойынша бір жылдан астам жұмыс өтілі бар барлық мемлекеттік қызметшілерді грантқа түсуге шақырады

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясы магистратураның 10 бағдарламасының бiрi немесе докторантураның 3 бағдарламасы бойынша бiр жылдан астам жұмыс өтiлi бар барлық мемлекеттiк қызметшiлердi грантқа түсуге шақырады.

Академия жыл сайын мемлекеттiк басқару және саясат саласындағы отандық және әлемдiк трендтер негiзiнде өзiнiң бiлiм беру бағдарламаларын өзектендiредi және жетiлдiредi. Осылайша, ағымдағы жылы Академия келесi бiлiм беру бағдарламалары бойынша дайындықты жүзеге асырады:

бiр жылдық оқу мерзiмiмен:

«Мемлекеттiк менеджмент» — Мaster of Public Management;

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» — Мaster of Anti-Corruption Policy;

«Халықаралық қатынастар» — Master of International Relations;

«Адами ресурстарды басқару» — Master of Human Resources Management;

* «Өңiрлiк даму» — Master of Regional Development.

екi жылдық оқу мерзiмiмен:

«Мемлекеттiк басқару» — Master of Public Administration;

«Мемлекеттiк саясат» — Master of Public Policy;

«Экономика» — Мaster of Economics;

«Өңiрлiк даму» — Master of Regional Development;

* «Өңiрлiк көшбасшылық» — Master of Regional Leadership.

үш жылдық оқу мерзiмiмен:

«Мемлекеттiк басқару» — Doctor of Public Administration;

«Экономика» — Doctor of Economics;

«Халықаралық қатынастар» — Doctor of International Relations.

* Оқыту қаржыландырудың өзге көздерi есебiнен жүзеге асырылады.

Академияға оқуға түскен жағдайда бiлiм алушыға жұмыс орнын сақтау, лауазымдық жалақы мөлшерiнде стипендия алу, жоғары бiлiктi профессор-оқытушылар құрамынан бiлiм алу, әлемдiк деңгейдегi сарапшылармен тағылымдамадан өту мүмкiндiгi берiледi.

•Оқуға түсу үшiн қажеттi құжаттар (Құжаттарды қабылдау 2020 жылғы 10 шiлдесiне дейiн жүзеге асырылады):

- Өтiнiш

- Жоғары бiлiм туралы құжаттың көшiрмесi

- IELTS/TOEFL сертификатының көшiрмесi немесе APTIS-ке тiркеу

- Еңбек қызметiн растайтын құжат

- 086-У нысанындағы медициналық анықтама

- Мемлекеттiк органның жолдамасы

- Үмiткердiң жазбаша жұмысы:

•Магистратура үшiн — мотивациялық эссе, пән бойынша эссе

•Докторантура үшiн — эссе, зерттеу жұмысының жоспары (research proposal)

Бiлiм беру бағдарламалары мен қабылдау рәсiмi туралы толық ақпаратпен Академияның www.apa.kz сайтында, "Оқуға түсу" бөлiмiнде танысуға болады.

Құрылған күні: 13.03.2020
Қаралым саны: 1085
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус