XVIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҮЙГЕ АРНАЛҒАН ЫДЫС-АЯҚ, ТАУАРЛАР МЕН КӘДЕСЫЙ КӨРМЕСI

XVIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҮЙГЕ АРНАЛҒАН ЫДЫС-АЯҚ, ТАУАРЛАР МЕН КӘДЕСЫЙ КӨРМЕСI

Күнi:

2020 жылғы 29 ақпан — 03 наурыз

Өткiзiлетiн орны:

«Атакент» көрме орталығы

ҚАЗАҚСТАН / Алматы

Қатысушылардың бейiнi:

Қатысуға белгiлi сауда брендтерiмен қатар, жаңа сауда маркалары да, жұмыс тиiмдiлiгiн дамытуға, арттыруға, Қазақстан нарығында өнiмiн нәтижелi iлгерiлетуге ұмтылған компаниялар шақырылады. Көрме сауда әрiптестерiмен iскери кездесулер мен келiссөздер өткiзу үшiн барынша қолайлы алаң бола тұрып, нарыққа алғаш шығу үшiн өзiн көрсетудiң жақсы мүмкiндiгi.

Көрме өндiретiн өнiмiн және үйге арналған ыдыс-аяқ, технологиялар, шаруашылық тауарлары, пластикадан жасалған тауарлар, тұрмыстық аксессуарлар, кәдесый өнiмi және т.б. саласындағы технологиялық инновацияларды таныстыру үшiн әр елдерден өндiрушiлердi және дистрибьюторларды бiрiктiредi.

Central Asia Houseware халықаралық көрмесiнiң мақсаты — көрсету үшiн оңтайлы жағдай жасау, жаңа iскери байланыстар орнату, экспорттық-импорттық шарттар жасасу, нарық пен бәсекеге қабiлеттiлiкке талдау жүргiзу, Орталық Азияның нарығында бизнес құру.

Келушiлердiң бейiнi:

Қазақстаннан, Қырғызстаннан, Тәжiкстаннан, Түрiкменстаннан, Өзбекстаннан және Ресейдiң көршiлес өңiрлерiнен импортерлер мен дистрибьюторлар, өңiрлiк дилерлер, көтерме сауда компанияларының өкiлдерi, мамандандырылған бөлшек сауда дүкендерiнiң, сауда үйлерiнiң, сауда орталықтарының және әмбебап дүкендерiнiң, шаруашылық тауарлары мен тұрмыстық техника дүкендерiнiң және желiлерiнiң басшылары, басқарушылары мен коммерциялық директорлары, рестораторлар, қонақ үй бизнесiнiң өкiлдерi, дизайнерлер, сәулетшiлер мен басқа да мамандар.

Көрме туралы барынша нақтылы ақпаратпен www.houseware.kz ресми сайтында танысуға болады.

Брошюра

Құрылған күні: 14.02.2020
Қаралым саны: 2408
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус