Мемлекеттік жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс мәселелері жөніндегі бас инспектор

Марат Нұрымұлы Оспанов

 

 

 

 

 

1987 жылы туған. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiн (құқықтану бакалавры), РФ Мәскеу қаласының Халықаралық қатынастарды дамыту академиясын (заңгер-магистр) бiтiрдi.

2019 жылдың ақпан айынан бастап осы лауазымда жұмыс iстейдi.

Қызметтiк мiндеттерi: Жұмылдыру дайындығы және облысты жұмылдыру, сондай-ақ аумақтық қорғаныс жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын, облыс экономикасын және мемлекеттiк органдарды, ұйымдар мен кәсiпорындарды жұмылдыру жағдайында, әскери жағдай және соғыс уақытында жұмыс iстеуге көшiру жөнiндегi кешендi iс-шараларды iске асыру жұмыстарын қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру. Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласында уәкiлеттi органмен облыстың жұмылдыру жоспарларын және аумақтық қорғаныс жоспарларын келiсу. Құзыреттiлiгiнiң аясында орталық атқарушы органдармен және олардың аумақтық бөлiмшелерiмен, мемелкеттiк органдармен, ұйымдармен және кәсiпорындармен өзара әрекет етудi қамтамасыз ету. Республикалық және облыстық штабтық жаттығуларды, жұмылдыру және аумақтық қорғаныс саласында оқуларды дайындау және өткiзу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру. Төтенше жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезiнде оның салдарын жою және шығынын төмендету бойынша шараларды әзiрлеу және шаралар қабылдау жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыру. Апаттарды, төтенше жағдайларды тексерiп-тергеуге қатысу. Аэроғарыштық қызмет саласындағы қауiпсiздiк жөнiндегi iс-шараларды үйлестiру.

телефоны: 8 (7162) 29 72 94

Бөлiмнiң қызметкерi:

Бас маман Дүйсембеков Iлияс Асқарбекұлы 297294

 

Құрылған күні: 14.05.2015 10:19
Жаңартылған күні: 07.08.2019 09:16
Қаралым саны: 4696
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус