Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

Облыстық статистика департаментiнiң мәлiметтерiне сәйкес 2019 жылдың 1 тоқсанына жалпы жұмыссыздық деңгейi 4,8%, жастар жұмыссыздығының деңгейi — 3,1 % құрады.

Жұмыспен қамту қызметiнiң көмегiмен 9315 адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiшпен жүгiнгендердiң жалпы санынан 71,9% құрады.

Жұмыс iздеу клубтарының семинарлық оқуларына 1091 адам қатысты, олардың iшiнде тұрақты және уақытша жұмысқа 973 адам (89,2%) орналастырылды.

Бос жұмыс орындарының 57 жәрмеңкесi өткiзiлдi, осы жәрмеңкеде 2546 бос жұмыс орны ұсынылды, нәтижесiнде 173 адам жұмысқа, оның iшiнде тұрақты жұмыс орнына 50 адам орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға 70 адамға жолдама берiлдi, әлеуметтiк жұмыс орындарына — 15 адам, жастар тәжiрибесiне — 38 адам.

Құрылған күні: 01.02.2019 14:36
Жаңартылған күні: 19.08.2019 16:32
Қаралым саны: 1506